Төрелік етер төрді сыйлау керек

Сот ақ пен қара анықталып, заңды да әділ шешім шығарылатын мәртебелі орын. Сондықтан төрелік алаңындағы ортақ тәртіпті сақтау Қазақстан азаматтарына жүктелетін мәртебелі міндет. Бұл ең алдымен сот шақыртуына сай әр процеске кешікпей келіп, судьяға құрмет танытып, сотқа қатысушыларды сыйлаумен өзектес. Судья процестегі негізгі тұлға болғандықтан, оның сөзін бөлмеу, айтқанын мүлтіксіз орындау қатысушылардың әрқайсысына парыз. Азаматтық іс жүргізудің барлық кезеңдерінде соттың, тараптардың, басқа да іске қатысушы тұлғалардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық процестік кодексіне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатаң сай болуы тиіс. Сонда ғана сот шешімі заңды әрі негізді болады. 

Қазақстан заңнамаларында соттың тәуелсіздігіне және оның кепілдіктеріне баса назар аударылған. Соған сәйкес соттың қызметіне ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Сот қызметіне араласу деп судьяның нақты іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында оған әсер етудің кез келген нысандарын түсіну керек. Судьяға осындай биік мәртебе берумен қатар, үлкен жауапкершілік жүктелгенін де ұмытпауымыз керек. Себебі судья заңды жетік білетінін, кәсіби тұрғыдан білікті екенін көрсетіп қоймай, сот процесі барысында жоғары мәдениеттің, биік парасаттың, асқан шыдамдылық пен терең көрегенділіктің үлгісін көрсетуі шарт.

Азаматтық іс жүргізуді басқа іс жүргізу түрлерінен ерекшелендіретін қағидаттардың бірі ол тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидаты. Ол бойынша әрбір судья тараптарға өзінің ұстанымын қорғауға тең мүмкіндіктер беруі тиіс. Осы ретте тараптар өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдайды. Ал сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процесті жүзеге асырып, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасағаны дұрыс. Судья тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектелмей, істі толық әрі жан-жақты қарап, дұрыс шешу мақсатында өз бастамасы бойынша істің материалдарын жинау және зерттеу, тараптар дәлелдерінің негізділігін және сотқа ұсынылған дәлелдемелердің анықтығын тексеру бойынша шаралар қабылдайтынын да айта кеткен орынды.

Сотта азаматтық істерді талқылау ашық жүргізіледі, сот актілері жария түрде хабарланады, заңда көзделген реттерде іс жабық сот отырысында қаралуы мүмкін. Қазіргі таңда сот отырыстарының ашық өтуіне азаматтардың көзі үйреніп, тіпті қоғамдық резонанс тудырған істер бойынша сот талқылауы жариялы түрде тікелей желіде көрсетіліп, жаңа технология жетістіктері кеңінен пайдалануда. Ал сот тәртібін бұзып, судьяға құрмет танытпағандарға заңдық жауаптылық барын әркім есінен шығармауы керек.

А.Акишев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралады

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлтты өзгелерден ерекшелейтін де, өзіндік...

Жаңа Конституция цифрлық дәуірде адам құқықтарын қорғауды күшейтеді – «Әділ сөз» қорының президенті

Қазақстандағы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, цифрлық...

Конституциялық реформа адами капиталды дамытуға басымдық береді – халықаралық сарапшы

Қазақстандағы конституциялық реформа тек саяси жүйені жаңғыртуға ғана емес,...

ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖАҢҒЫРТУ

Сот төрелігі – заңмен белгіленген іс жүргізу тәртібі арқылы...