Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдум табысты өтуімен құттықтады.

Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ, мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Елімізде жүргізілетін алдағы жаңғыртулар кезінде халықаралық серіктестермен, әсіресе, көршілес және одақтас елдермен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беріледі. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес шешімдерінің іске асырылу барысына оң баға беріп, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін пысықтады.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Президент Жарлығымен маңызды тағайындау жасалды. Ерлан Қариннің жаңа қызметі қандай міндеттерді қамтиды?

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.