Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуіне қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Жетісу облысында дауыс беруге келгендердің үлесі 43,32% болса, Қарағанды облысында – 42,95%, Қостанай облысында – 37,10%. Қызылорда облысында келу деңгейі 43,18%, Маңғыстау облысында – 34,57%.

Павлодар облысында көрсеткіш 36,57%-ды, Солтүстік Қазақстан облысында – 41,64%-ды құрады. Түркістан облысында – 44,13%, Ұлытау облысында – 36,59%, Шығыс Қазақстан облысында – 42,88%.

Астана қаласында дауыс беруге келгендердің үлесі 31,23% болды. Ең төмен көрсеткіш бұрынғыдай Алматы қаласында тіркеліп, 14,85%-ды құрады. Ал Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 42,59% деңгейінде қалыптасты, — деп атап өтті Әсел Жанәбілова.

Жалпы республика бойынша сағат 12.00-дегі жағдаймен 4 677 595 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 37,54%-ына тең. Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталған.

Орталық референдум комиссиясы өңірлерден түсіп жатқан мәліметтерді жедел жинақтап, қоғамға тұрақты түрде ұсынып отыр. Ақпарат құралдарының өкілдері де комиссия жұмысын үздіксіз бақылап, әр сағат сайын референдум барысы мен учаскелерге келіп жатқан азаматтар саны туралы жедел хабар таратуда.

Дауыс берушілердің келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де жарияланады.

Президент Сыртқы істер министрін тағайындады 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың...

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толғанына назар аударды.

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы жаңа ереже бойынша бақыланады 

Құрылыс материалдарының бағасы жаңа ереже бойынша бақыланады, ал мемлекеттік жобаларды жеке авторлық шарттар жасамай-ақ пайдалануға болады. Қазақстанда Жоғары аудиторлық палатаның аудитінен кейін бірқатар шара жүзеге асырылды.

Қазақстан құрамасы үшін Көшпенділер ойындарының алғашқы күні қалай өтті? 

Қазақстан құрамасы сапында 42 спорт түрінен 152 спортшы бақ сынап жатыр.

2027 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК қанша болады? 

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді өзгерту ұсынылып отыр.