Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №51 референдум учаскесіне келіп, еліміздің басты құжатына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.

Еске сала кетейік, Жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға 12 416 759 Қазақстан азаматы қатыса алады.

Ел бойынша барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде:

9 779 учаске – азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша;
634 учаске – уақытша болатын орындарда;
82 учаске – шетелде (64 мемлекетте).

Айта кетсек, жаңа Конституция жобасы 11 бөлімнен және 96 баптан тұрады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.

Президент Сыртқы істер министрін тағайындады 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың...