Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің бірі конституциялық реформа билік транзитіне және алдағы президент сайлауына дайындық болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатқанын атап өтіп, вице-президент қызметі не үшін қажет екенін сұрады.

Президенттің айтуынша, мұндай лауазым көптеген шет мемлекеттердің тәжірибесінде бар.

Вице-президент лауазымы туралы әртүрлі пікір айтылып жүр. Шын мәнінде, бірқатар шетел мемлекеттерінде осындай қызмет бар. Сондықтан Қазақстанда да бұл мәселеден қорқудың қажеті жоқ, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сарапшылар билік ішінде бәсекелестік туындауы мүмкін деген пікір айтқанымен, одан қауіп көрмейтінін жеткізді.

Кейбір сарапшылар билік ішінде бәсеке болады, тағы неше түрлі зиян келтіретін үрдістер болады деп айтып жатады. Бұл мәселе бойынша ешқандай қорқыныш болмауы керек. Вице-президент инфрақұрылымды нығайтады, – деді Президент.

Оның айтуынша, вице-президент институты уақыт өте келе нақты қалыптасады.

Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта бәрі айқындалады. Мен Президент ретінде бұл лауазымға да, жалпы реформаларға да үмітпен қарап отырмын. Жалпы айтқанда бұл Конституция, я болмаса вице-президентке қатысты норма елге де, мемлекетіміздің дамуына да ешқандай зиян келтірмейді деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін...

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды.

Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.