Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады. 30 наурызда төртінші тоқсан басталады, — деп хабарлайды Tengri Education.

Оқушылар каникулда немен айналысады?

Осы кезеңде бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

«Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан», «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді», — деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шара жоспарланған. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетсек, Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, жазғы каникул басталады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.

Президент Сыртқы істер министрін тағайындады 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың...