Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдегендей, автоматты камералар тек көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуын анықтауға арналған.

«Жүйелер қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауыр зардаптардың тәуекелін төмендетуге бағытталған. Цифрлық шешімдер қауіпті мінез-құлықты дер кезінде анықтауға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Бұл шаралар қала көшелеріндегі жол қауіпсіздігін күшейтуге және апаттар санын азайтуға бағытталған.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.