Үкіметтік емес ұйымдар

Үкіметтік емес ұйымдар (УЕҰ)- қызметін жарғының және өзінің қаражаты шеңберінде жүзеге асыратын және ресми (үкіметтік) институттардың қатысуынсыз жеке және немесе басқа да қоғамдық ұйымдармен белгіленген ұйым.

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.

ҮЕҰ қоғамдық бірлестіктер, қорлар, ассоциациялар, бірлестіктер жатады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысыныңда 2000 астам үкіметтік емес ұйымдар бар.

ҮЕҰ коммерциялы емес ұйымға жататындықтан ҮЕМ реттейтін негізгі заңдарының бірі 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялы емес ұйымдар туралы» Заңы болып табылады.

ҚР «Коммерциялы емес ұйымдар туралы» Заңының 40 бап 1 т. сәйкес мемлекет коммерциялы емес ұйымдардың белсенді қызметін және құрылуын қолдайды.

Коммерциялы емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық, кеден және басқа да жеңілдіктер ұсынылуы мүмкін.

2019 жылғы 2 сәуір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында коммерциялы ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, филиал мен өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу функциясы әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тапсырылды.

Кезегінде, коммерциялы емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, филиал мен өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу функциясы әділет органдарында сақталды.

Мемлекет тарапынан коммерциялы емес ұйымдардың тіркеу рәсімі жеңілдетілді.

Соңғы уақыттан бері электрондық үкімет порталында (egov.kz) коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет іске қосылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі бекітілген тізбеге сәйкес электрондық құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде мемлекеттік тіркеуге беруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметті онлайн режимде алу сапасын арттыру үшін электрондық үкімет порталында таңдалған ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі бар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының ставкалары көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 29 мамыр Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. №66 бұйрығымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиал мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында Ережелер бекітілді.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Т. Әубакір

Неправительственные организации

Неправительственные организации (НПО)- организация, учрежденная частными лицами и/или другими...

Лучший работодатель страны

Международная биофармацевтическая компания AstraZeneca Казахстан подтвердила статус одного из...

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КАЗАХСТАН И ООН ПОДВЕЛИ ИТОГИ

В СТОЛИЦЕ СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ РУКОВОДЯЩЕГО КОМИТЕТА РАМОЧНОЙ ПРОГРАММЫ СОТРУДНИЧЕСТВА...

СТАТУС ПЕДАГОГА ПОВЫШАЕТСЯ

КАЗАХСТАН ВОШЕЛ В ПЯТЕРКУ СТРАН МИРА ПО УРОВНЮ УДОВЛЕТВОРЕННОСТИ...