Абай ауылындағы №2 мектепте нәзік жанды ұстаздарға құрмет көрсетілді

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылындағы №2 мектепте Халықаралық әйелдер мерекесіне орай жүректерге жылу сыйлаған ерекше мерекелік мюзикл кеші өтті. Көктемнің нәзік лебіндей әсер қалдырған бұл шараға мектептің әйелдер қауымы, сондай-ақ Қарасай ауданына қарасты мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының нәзік жандылары жиналды.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — ардагер ұстаз, осы мектептің бұрынғы директоры Нысанбаева Батима Қалпиевнаны ерекше құрметпен қарсы алу болды. Көпшілік ұстаздың саналы ғұмырын білім саласына арнаған еңбегін ризашылықпен еске алып, оның өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын ілтипатпен атап өтті. Ардагер ұстазға көрсетілген құрмет залдағы барша жанның жүрегіне жылылық ұялатты.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы мен аудан мектептерінің директорлары да шараны зор ықыласпен тамашалап, ұжымның ұйымшылдығына ризашылықтарын білдірді.

Кеш соңында Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Асел Аблеевна бірқатар ұстаздарды Құрмет грамотасымен марапаттап, олардың ұстаздық жолдағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Ал Батима Қалпиевна жиналған қауымға жүрекжарды алғысын айтып, ақ батасын берді.

Мерекелік кешті №2 мектептің оқушылары әсем әнмен, мың бұралған бимен және әсерлі қойылымдарымен одан әрі көріктендірді. Әрбір өнер нөмірі көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, залды шаттық пен қол шапалаққа бөледі.

Сонымен қатар Қарасай аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бағлан Қанатовна мерекелік құттықтауын жеткізіп, білім саласына еңбегі сіңген ұстаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Кеш соңында Абай ауылындағы №2 мектептің директоры Жұмабеков Самат Сүйімбекұлы барша қонақтарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ұжымға қолдау білдірген әріптестеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Мерекелік кеш қатысушылардың жүрегінде ұзақ сақталатын жылы әсер қалдырды.

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...