Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек Өтеғалиев — Алматы метрополитенінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, оның мемлекеттің орнықты дамуы мен институционалдық негіздерін нығайтудағы айрықша маңызын атап өтті.
Сондай-ақ алдағы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Сөз сөйлегендер ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер елдің құқықтық қағидаттарын күшейтуге, қоғам мен мемлекет арасындағы теңгерімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығын арттыруға және олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталғанын жеткізді.

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...