12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Еңбек адамы – 2025»: рухани құндылықтар мен индустриялық прогрестің сабақтастығы

2026 жылғы 2 наурыз күні Алматы қаласында «Еңбек адамы – 2025» республикалық шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырды.

Ауқымды мәдени-қоғамдық шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, инженерлер, ғалымдар, жұмысшы мамандықтарының өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. Аталған конкурс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау жөніндегі мемлекеттік бастаманы қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Жоба өндірістік және инженерлік қызметтің қоғамдағы мәртебесін арттыруға, еңбек адамына деген қоғамдық құрметті нығайтуға, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы оның шынайы бейнесін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Салтанатты рәсімнің ресми ашылуын Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов жүргізді. Байқаудың қорытындылары туралы баяндама Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Әбдешұлы Құлкенов тарапынан ұсынылды.

Биылғы жылы байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 50-ден астам шығармашылық жұмыс ұсынылды. Қатысушылар өз туындыларын роман, повесть, новелла, деректі очерк және эссе жанрларында ұсынды. Байқауға жолданған материалдар жоғары көркемдік деңгейімен және қазіргі заманғы еңбек адамының бейнесін терең пайымдауымен ерекшеленді.

Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Байқауға қатысу үшін жас шектеуі мен мәтін көлеміне қатысты нақты талаптар белгіленбегенімен, бұрын жарияланған туындыларконкурсқа қабылданған жоқ.

Ұсынылған жұмыстарды бағалауды белгілі жазушылар мен әдебиеттанушылардан құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізді. Жеңімпаздарды анықтау барысында тақырыптың ашылу тереңдігі, көркемдік шеберлік, образдардың шынайылығы және шығарманың идеялық маңызы негізгі өлшемдер ретінде қарастырылды. Сараптамалық іріктеу нәтижесінде 21 шығарма шорт-параққа енді.

Бас жүлде өндірістегі алдыңғы қатарлы еңбек адамының бейнесін, оның кәсіби жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымын көркем әрі нанымды түрде ашып көрсеткен авторға табысталды. Гран-при жазушы Шархан Қазығұлға «Әулет» атты нон-фикшн романы үшін берілді.

Жеңімпазға Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы атынан арнайы диплом, төсбелгілер және ақшалай сыйлық табыс етілді.

I дәрежелі лауреат атанған Қуандық Түменбай «Бетпақты кезген біреу» атты деректі әңгімесі үшін марапатталды.

II дәрежелі лауреат ретінде Ғалым Қалибекұлы «Несібе» повесі үшін танылды.

III дәрежелі лауреат атанған Қанат Жанашұлы Нұрмаханов «Қарашүңгіл – көзімнің қарасы бұл» атты деректі повесі үшін марапатталды.

Сонымен қатар «Қазіргі өндірістегі еңбек адамының бейнесі», «Қоғамдағы инженерлердің рөлі» және «Өңірлік дамуға арналған үздік материалдар» номинациялары бойынша ынталандыру сыйлықтары төмендегі авторларға берілді:
— Көлбай Адырбекұлы — «Шахтерлер әулеті» әңгімесі үшін;

— Жолтай Алмашев — «Елтіри» повесі үшін;

— Ғабдулсабит Юсупов — «Ғылымнан тапқан бақытын» деректі романы үшін;

— Ертай Айғалиев — «Су және Толағай» әңгімесі үшін;

— Нұрлыбек Саматұлы — «Көктеткен көктем екен танаптарды» эссесі үшін.

«Еңбек адамы – 2025» республикалық шығармашылық конкурсы инженерлік-индустриялық саланың беделін арттыруға және еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде айқындалды.

Ал «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасы жасампаз еңбекке деген қоғамдық құрметті қалыптастыруда және оның мемлекеттің тұрақты дамуындағы шешуші рөлін айқындауда маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (727) 339-12-84

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

БАПИ Ермұрат: «Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз!»

Қадірлі әріптестер! Бүгін мен Парламент мінберінде бір мандатты депутат қана...