Таяу Шығыстан мыңға жуық Қазақстан азаматы қайтарылды

4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары отырған ұшақтар ел әуежайларына қонды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындаған:

  • KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;  
  • KC2208 рейсі Медина — Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, бортта 145 адам болды;  
  • KC2206 рейсі Жидда — Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, бортта 174 адам болды;  
  • KC2204 рейсі Жидда — Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, бортта 179 адам болды.  
  • Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы — Маскат — Алматы бағыты бойынша рейс орындап жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

«Қазірге дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.