12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Air Astana Медина және Джидда қалаларына репатриациялық рейстерді жоспарлап отыр 

Air Astana Батыс Қазақстаннан Медина қаласына  және Джидда бағытына репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысыр авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына 2 репатриациялық рейс және Джидда бағытына 2 рейс орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады. Бұл бағыттарға билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанда) сатылмайды, — делінген хабарламада.

Әуе компаниясы аймақтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, жолаушыларды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар ететінін мәлімдеді.

Референдум: Тіркелген жерден тыс жүрсеңіз, қалай дауыс бересіз? 

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға қатысушыларға түсіндірме жасады.

Қазақстанда жасанды интеллект қай салаларға енгізіліп жатыр? 

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы басталып, ел көлемінде нақты өзгерістер қолға алынды. 8 бағыт пен 100 іс-шарадан тұратын жоспар мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және білім беру сияқты негізгі салаларға жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.

Қазақстанда емханалардағы педиатриялық учаскелер жабылып жатыр: не өзгереді?

Қазақстанда 2026 жылдың аяғына дейін емханаларда әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр.

Еш жерде жұмыс істемегендер зейнетақыны қалай алады?

Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ және зейнетақы жарнасын аудармаған қазақстандықтар зейнетақы ала ма?

АҚШ – Иран – Израиль арасындағы геосаяси дауыл: мұнай бағасы күрт өсті 

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:00-дегі сауда мәліметтеріне сәйкес, Лондонның ICE биржасында мамыр айындағы Brent шикі мұнай фьючерстерінің бағасы 13,04 пайызға өсіп, баррелі 82,37 долларға жетті.