12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң үстемдігі-тұрақты дамудың тірегі

      Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттердің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Қоғамның шынайы өркендеуі бейбітшілікке, әділдікке және тиімді мемлекеттік институттарға тікелей байланысты. Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағыты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» – әлем елдері үшін стратегиялық басымдық болып отыр. ТДМ 16 заң үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сыбайлас жемқорлықты азайтуды және барлық деңгейде тиімді, ашық әрі есеп беретін институттарды қалыптастыруды көздейді.Заң үстемдігі-құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаты. Бұл ұғым мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында заңның жоғары тұруын білдіреді. Яғни, заң алдында барлығы тең, мемлекеттік органдар да, азаматтар да құқықтық нормаларды сақтауға міндетті. Егер заң үстемдігі сақталмаса, қоғамда әділетсіздік белең алып, әлеуметтік сенім әлсірейді. Ал сенімсіз қоғамда тұрақты даму мүмкін емес.ТДМ 16-ның басты міндеттерінің бірі-зорлық-зомбылықты азайту және бейбіт қоғам қалыптастыру. Бейбітшілік тек соғыстың болмауы емес, ол азаматтардың қауіпсіздігі, әлеуметтік әділдік пен тұрақтылықтың болуы. Қоғамда құқықтар мен бостандықтар қорғалса, сот жүйесі әділ жұмыс істесе, құқық қорғау органдары заң талаптарына сай әрекет етсе, онда азаматтар өз болашағына сеніммен қарайды.Сыбайлас жемқорлықпен күрес те ТДМ 16-ның негізгі бағыттарының бірі. Жемқорлық-экономикалық дамуды тежейтін, әлеуметтік теңсіздікті арттыратын және мемлекеттік институттарға деген сенімді төмендететін құбылыс. Ол мемлекеттік ресурстардың тиімсіз жұмсалуына, әділетсіз шешімдердің қабылдануына әкеледі. Сондықтан ашықтық пен есеп берушілік қағидаттарын енгізу, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және азаматтық бақылауды күшейту – тұрақты дамудың маңызды шарттары.

    Тиімді институттар-мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Институттардың тиімділігі олардың кәсібилігімен, ашықтығымен және қоғам алдындағы жауапкершілігімен өлшенеді. Егер мемлекеттік органдар халықтың мүддесіне сай қызмет етсе, шешім қабылдау үдерісі ашық болса және азаматтардың пікірін ескерсе, онда басқару жүйесіне деген сенім артады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсімге оң әсер етеді.Еліміз ТДМ 16 бағытында бірқатар реформаларды жүзеге асырып келеді. Сот жүйесін жаңғырту, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу-осының айқын дәлелі. Заңнамалық реформалар арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі артып, басқару жүйесінің тиімділігі күшейтілуде. Сонымен қатар халықаралық деңгейде бейбітшілік бастамаларын қолдау еліміздің жаһандық тұрақтылыққа қосқан үлесін көрсетеді.ТДМ 16-ны жүзеге асыруда жастардың рөлі ерекше. Құқықтық мәдениеті жоғары, азаматтық белсенділігі қалыптасқан жас буын ғана әділетті қоғам құруға үлес қоса алады. Университет қабырғасында жүргізілетін құқықтық ағартушылық шаралар, ашық пікірталастар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандардың жауапкершілігін арттырады. Жастар заң үстемдігін тек теориялық ұғым ретінде емес, практикалық өмірлік қағида ретінде қабылдауы тиіс.

Бейбітшілік пен әділдік қоғамның рухани және құқықтық негізі. Егер мемлекетте әділ сот жүйесі жұмыс істеп, әрбір азамат өз құқығының қорғалатынына сенімді болса, онда қоғам тұрақты даму жолына түседі. Ал тиімді институттар мен заң үстемдігі сақталған жағдайда ғана әлеуметтік әділдік орнайды. ТДМ 16-тұрақты дамудың өзегі. Заң үстемдігі, ашық басқару және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары сақталған қоғам ғана ұзақ мерзімді өркендеуге қол жеткізе алады. Бейбіт әрі әділетті мемлекет құру-тек билік органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заңды құрметтеп, әділдікке ұмтылған жағдайда ғана тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болады.

Бисенова М.Қ.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Рейдовые мероприятия 

На учёте службы пробации Ауэзовского района ДУИС по г.Алматы...

Салауатты өмір салты – сапалы білімнің кепілі

     Бүгінгі жаһандану дәуірінде қоғам дамуының негізгі көрсеткіші тек экономикалық...

Сапалы білім-әділетті қоғамның негізі

      Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру – қазіргі...

Әділетті қоғам қалыптастыру-ортақ міндет

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Біріккен...

Сапалы білім мен саулық сабақтастығы

   Қазіргі кезеңде адам капиталы-мемлекеттің басты стратегиялық ресурсы. Ал адам...