12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әділетті қоғам қалыптастыру-ортақ міндет

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы бағыты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында кеңейтілген ашық талқылау өткізді. Аталған іс-шара жастардың құқықтық санасын арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және қоғамдағы әділдік қағидаттарын орнықтыруға бағытталды.Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі ерекше өзектілікке ие. Әлемнің түрлі аймақтарындағы қақтығыстар, әлеуметтік теңсіздік, жемқорлық және басқару жүйесіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі тұрақты дамуға кедергі келтіретін факторлар болып отыр. Осы тұрғыда ТДМ 16-ның маңызы зор. Бұл мақсат әділ сот төрелігін қамтамасыз етуді, тиімді және есеп беретін мемлекеттік институттарды қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлықпен күресуді және барлық азаматтардың құқықтарын қорғауды көздейді.Ашық талқылау барысында студенттер бейбітшілік ұғымының тек соғыссыз өмір сүрумен шектелмейтінін атап өтті. Бейбітшілік-бұл қоғамдағы сенім, тұрақтылық, әділдік және заң үстемдігі сақталған орта. Егер мемлекетте әділ сот жүйесі жұмыс істеп, азаматтардың құқықтары қорғалса, басқару институттары ашық әрі тиімді болса, онда қоғамда тұрақтылық орнығады.

Талқылау аясында студенттер бірнеше маңызды бағыттарға тоқталды. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері сөз болды. Жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп, әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.Екіншіден, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселесі көтерілді. Құқықтық сауатты қоғам ғана өз құқықтарын қорғай алады және мемлекеттік шешімдерге белсенді қатыса алады.Студенттер Қазақстанның ТДМ 16 аясындағы жетістіктеріне де назар аударды. Елде заңнамалық реформалар жүргізіліп, сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бағытында нақты қадамдар жасалуда. Ашықтық пен есеп берушілікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдер енгізіліп, азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі кеңейтілуде. 

    Талқылау  барысында еліміздің халықаралық деңгейдегі бейбітшілік бастамалары да талқыланды. Еліміздің ядролық қарудан бас тартуы, өңірлік қауіпсіздікке қосқан үлесі және халықаралық диалог алаңдарын ұйымдастыру тәжірибесі бейбіт саясаттың нақты көрінісі ретінде аталды. Студенттер мұндай бастамалар елдің жаһандық тұрақтылыққа қосқан үлесін айқындайтынын атап өтті.Талқылаудың маңызды бөлігі жастардың рөліне арналды. «Бейбіт және әділетті қоғам құру-тек мемлекеттің міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Біз, болашақ заңгерлер, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділдік қағидаттарын сақтауға үлес қосуымыз керек», – деген пікірлер ортаға салынды. Студенттер өзгерістердің қозғаушы күші ретінде белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Университет қабырғасында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған тұрақты семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілерде ағартушылық науқандар жүргізу бастамалары ұсынылды. Бұл идеялар жастардың жаһандық мәселелерге бейжай қарамайтынын және нақты іс-әрекетке дайын екенін көрсетті.Сонымен қатар студенттер тиімді мемлекеттік институттардың маңызын кеңінен талқылады. Басқару жүйесінің ашықтығы мен есеп берушілігі, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы – тұрақты дамудың басты шарттарының бірі. Егер мемлекеттік органдар қоғам алдында жауапты болып, заң талаптарын қатаң сақтаса, онда әлеуметтік әділдікке қол жеткізуге мүмкіндік артады.Талқылау барысында әділ сот жүйесін нығайту, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері де сөз болды. Студенттер құқық үстемдігі қағидаты сақталған жағдайда ғана бейбітшілік пен тұрақтылық орнығатынын атап өтті.Заң факультеті студенттерінің бұл бастамасы олардың кәсіби әрі азаматтық тұрғыдан қалыптасуына ықпал ететін маңызды қадам болды. Мұндай іс-шаралар жастардың теориялық білімін тәжірибелік пайыммен ұштастырып, жаһандық мәселелерді ұлттық контексте түсінуіне мүмкіндік береді.ТДМ 16-қоғамның тұрақты дамуының іргетасы. Бейбітшілік пен әділдік үстемдік құрған, тиімді институттары бар мемлекет қана ұзақ мерзімді өркендеуге қол жеткізе алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде өткен ашық талқылау жастардың осы құндылықтарды терең түсініп, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Білімді, саналы әрі белсенді жастар – бейбіт және әділетті қоғам құрудың басты кепілі.

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика 

кафедрасының профессоры

Сапалы білім-әділетті қоғамның негізі

      Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру – қазіргі...

Сапалы білім мен саулық сабақтастығы

   Қазіргі кезеңде адам капиталы-мемлекеттің басты стратегиялық ресурсы. Ал адам...

Сапалы білім-ел болашағының кепілі

   Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру қазіргі қоғам дамуының...

Алғыс айту — асыл  қасиет

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев...

Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Алматыда белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, білім және спорт...