Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты-сапалы білім беру қазіргі қоғам дамуының стратегиялық өзегіне айналған маңызды құндылық.
Білім-тек кәсіби дайындық құралы емес, ол ұлттық сананы қалыптастыратын, құқықтық мәдениетті нығайтатын, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін және әлеуметтік әділеттілікті орнықтыратын басты фактор. Сондықтан ТДМ 4 баршаға тең, инклюзивті және өмір бойы сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттердің тұрақты дамуына негіз қалайды. Сапалы білімсіз инновациялық экономика да, құқықтық мемлекет те, бәсекеге қабілетті ұлт та қалыптаспайды.Елімізде білім беру саласы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде жүйелі түрде жаңғыртылып келеді. Құзыреттілікке негізделген оқыту, цифрлық трансформация, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру осының барлығы білім сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі кезеңде білім беру мазмұны тек теориялық білім берумен шектелмей, сыни ойлау, аналитикалық қабілет, креативтілік, цифрлық сауаттылық, құқықтық мәдениет сияқты маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Осы тұрғыда жоғары оқу орындарының рөлі айрықша. Әсіресе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретінде жоғарыда аталған қағидаттарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. ҚазҰУ-тек білім ордасы ғана емес, инновация мен ғылыми ізденістің, ұлттық рух пен халықаралық ықпалдастықтың тоғысқан алаңы. Университеттің стратегиялық даму бағдарламаларында сапалы білім беру, академиялық адалдық, цифрландыру және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру бағыттары басымдық ретінде айқындалған.
ҚазҰУ-дың білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған. Университетте академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді жүзеге асырылып, студенттер мен оқытушылар шетелдік жетекші университеттермен тәжірибе алмасуда. Бұл – білім сапасының халықаралық деңгейге көтерілуіне ықпал ететін маңызды фактор. Сонымен қатар, университетте цифрлық білім беру платформалары, электронды кітапханалар, заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтар жұмыс істейді. Цифрландыру үдерісі студенттердің білім алу мүмкіндігін кеңейтіп, оқу процесінің икемділігін арттырды.ҚазҰУ-дың заң факультеті сапалы заңгер кадрларды даярлауда маңызды орын алады. Студенттер тек аудиториялық сабақтармен шектелмей, құқықтық клиникалар арқылы халыққа тегін заң көмегін көрсетеді, құқықтық сауаттылықты арттыру шараларына белсенді қатысады. Сапалы білім беру-инфрақұрылым мен технология ғана емес, ең алдымен, педагогтің кәсібилігі мен академиялық орта мәдениеті. ҚазҰУ-да профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті жоғары, халықаралық жарияланымдар саны артып келеді, жас ғалымдарды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда. Ғылым мен білімнің интеграциясы-университет дамуының негізгі қағидаты. Инклюзивтілік мәселесі де ТДМ 4 шеңберінде маңызды орын алады. ҚазҰУ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ортасының қолжетімділігі, академиялық теңдік, әлеуметтік қолдау -сапалы білім берудің ажырамас бөлігі. Университет қабырғасында әр студент өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік алуы тиіс.Бүгінгі таңда сапалы білім беру еңбек нарығымен тығыз байланысты болуы қажет. ҚазҰУ түлектері мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, халықаралық ұйымдарда, жеке секторда табысты еңбек етуде. Практикаға бағытталған оқыту, жұмыс берушілермен әріптестік студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Қорытындылай келе, Тұрақты даму мақсаттарының төртінші бағыты- сапалы білім беру ұзақ мерзімді дамуының негізгі тірегі. Бұл бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үлгілі білім беру моделі арқылы елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға зор үлес қосып келеді. Сапалы білім алған ұрпақ – әділетті қоғамның, инновациялық экономиканың және тұрақты мемлекеттің кепілі. Сондықтан ТДМ 4 қағидаттарын жүзеге асыру – тек білім беру саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Атаханова Г.М
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының профессоры



