12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең. Мұндай заңдар әрқашан да өміршең. Осындай ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан маңызды құжаттыңы бірі «Медиация туралы» заңның қабылданғаны биыл 15 жыл. 2011 жылы қолданысқа енгізілген бұл заң он бес жылдың ішінде ел ішіндегі даукестікті төмендетіп, тараптардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, сыйластықты сақтауға қызмет етіп келеді.

«Медиация туралы» заң алғаш қабылданғанда халықтың бірден қошеметі мен ризашылығына ие бола қойған жоқ. Тіпті медиацияның тиімділігін түсіндіріп, келісімге шақырған судьялардың әрекетін теріс түсінгендер де аз болмады. Осы тұрғыдан алғанда медиацияның бүгінгідей халықтық қолдауға ие болуы сот саласының заңды түсіндіру, медиативтік келісімнің тиімді тұстарын жан-жақты көрсету бойынша  қолға алған жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Медиацияның мәні не, медиатордың қызметі қандай деген қарапайым сұрақтарды толық түсінбеген қоғамға ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу оңай болған жоқ. Бұл үлкен еңбекті қажет етті.

Осылайша сот саласында медиация заңының тиімділігін түсіндіру, медиаторлар шоғырын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Медиацияның тиімді тұстарын терең түсіндірген ақпараттық материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз жарияланып, медиаторлардың бірден қызметке кірісуі үшін қолдау шаралары жасалды. Соның ішінде соттарда медиаторлар тізімі жасалып, оларға азаматтарға таныстырылды. Сондай-ақ сот ғимараттарынан медиаторларға кабинеттер берілді, халық көп келетін әкімшілік, ассамблея, халыққа қызмет ету орталықтарынан медиаторлар бұрышы ашылды. Оларда ақпараттық хабарламалар тарату, медиациялық келісімге келудің тәртібін түсіндіру мақсатында судьялар мен сот мамандары тұрақты кеңес беріп отырды. Бүгінде кәсіби медиаторлар өз жұмысын жүйелеп, сот жүктемесін төмендетуге, тараптарды татуластыруға елеулі үлес қосып отыр.

Медиацияның артықшылығын әлі де түсіндіріп, азаматтардың заңдық сауатын арттыру кезек күттірмейді. Себебі, екі тарап бірігіп шешуге болатын істерді сот арқылы шешудің тиімсіз жақтары көп. Әсіресе медиация уақыт жағынан өте ұтымды. Бүгінгідей әр сағат, минут бағалы кезде уақытты сот дауымен өткізу екі тарапқа да пайда әкелмейді. Дауды сотта қарау белгілі бір уақытты алады, бір іске нүкте қоя үшін айлар кетеді. Әрі оның бір процесте шешілуі де күмәнді. Оның үстіне сотта өз уәжіңді айтып, әрекетіңнің дұрыстығын дәлелдеу үшін жүйкеге қаншама салмақ түседі, кейде айқайлауға, бет жыртысуға тура кеп жатады. Ал медиацияда бәрі ерікті, өзара мәмілемен жасалатындықтан дауды ақылдасып, бір-бірінің уәжіне құлақ аса отырып бір күнде шешуге болады. Келісіп, кешірімге келетін болатындықтан азаматтар арасындағы сыйластыққа да сына түспейді.

Сонымен қатар, медиация тараптардың қалтасына да салмақ салмайды. Қайта дау татуласумен аяқталса сотқа төленген баж қайтарылады. Ал істің сотта қаралуы көптеген қаржылық қиындыққа әкеледі. Себебі мемлекеттік бажды төлеуден бөлек, тараптардың сотқа келіп-кетуіне бірталай жол шығыны жұмсалады. Заңгерлер көмегіне жүгіну үшін қосымша қаражат кететіні тағы белгілі. Ал қазір адвокат, заңгерлер қызметі аз ақша тұрмайды.  Ең бастысы, сот дауымен жүрген азаматтардың жұмысы тұралайды, табысы азаяды, қайта-қайта жұмыстан сұранған соң әріптестері арасында да қолайсыз жағдайда қалады.

Осы тұрғыдан алғанда медиацияның өте тиімді құрал екенін уақыттың өзі көрсетті.  Он бес жылдың ішінде өзін ақтаған бұл заң алдағы уақытта да халық игілігіне қызмет ете берері анық.

Ғалия Абимұрат, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....

Ранняя профориентация как основа формирования ценностей государственной службы

25 февраля текущего года Департаментом Агентства Республики Казахстан по...