СІМ: Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бар 

Ирандағы қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген азаматтарға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми дерекке сәйкес, олардың 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 қазақстандық «Заркух» зауытында еңбек етіп жүр. Тағы алты азамат Иранда жеке шаруасымен жүргені айтылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ведомство және Қазақстанның шетелдегі мекемелері азаматтармен тұрақты байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай дипломатиялық қызметтердің бақылауында.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.