12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызмет құндылықтарын қалыптастырудағы ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалымен бірлесіп «Тұран» лицей-мектебінің оқушылары, колледж тыңдаушылары және «Тұран» университетінің студенттері үшін «Мемлекеттік қызмет: миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында дәріс өткізіп, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шара жастар арасында ерте кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Бүгінде мемлекеттік қызметтің рөлі мен әлеуметтік маңызын түсіндіру ерекше мәнге ие. Мемлекеттік қызмет – бұл қоғам мен мемлекетке қызмет ету, жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін сала.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оны өткеру тәртібін белгілеу негізгі бағыттардың бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамыту кәсіби, тиімді және сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік қызмет мәдениетін жаңғырту, азаматтардың сенімін арттыру және нәтижеге бағдарлану басымдық болып табылады.

Биылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісі толық автоматтандырылды. Білімі мен тәжірибесі талаптарға сәйкес келетін кез келген азамат цифрлық форматта өтініш беріп, тестілеуден өте алады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, субъективті факторларды азайтады және іріктеудің тиімділігін арттырады.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары, адалдық, бейтараптық, ашықтық және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері қарастырылды. Мемлекеттік қызмет құндылықтарын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Осылайша, жастарға ерте кәсіптік бағдар беру және мемлекеттік қызмет құндылықтарын нығайту бағытындағы Департаменттің жүйелі жұмысы заман талабына сай және қоғам сеніміне ие заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Ранняя профориентация как основа формирования ценностей государственной службы

25 февраля текущего года Департаментом Агентства Республики Казахстан по...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сот билігі, Заң шығарушы және Атқарушымен бірге Қазақстан Республикасында...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі мінез-құлықтың жалпы стандарттары

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби...

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...