12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Telegram-бот арқылы жолданған өтініш оң шешімін тапты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаменті өз қызметі аясында азаматтардың өтініштеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаменті жұмысының басым бағыттарының бірі – азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел әрекет ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету.

Осы ретте, 2026 жылғы 26 ақпанда қызмет алушы Асқарджан Д. «Telegram-бот» платформасы арқылы департаментке жүгінді. Өтініш иесінің айтуынша, ол 2026 жылғы 6 қаңтарда жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс берген. Алайда департаментке жүгінгенге дейін ол нөмірлік белгіні алмаған және қызметтің қай сатыда екені туралы ақпарат болмаған.

Департамент қызметкерлері түскен өтінішке жедел әрекет етті. Тексеру барысында кешігудің мән-жайы анықталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Нәтижесінде, өтініш берілген күні қызмет алушы жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алды.

Аталған жағдай Департамент жұмысының тиімділігін және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап беру бағытындағы жұмысын жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Айдосұлы. А

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...

Обращение, направленное через Telegram-бот, нашло положительное решение

Агентства по делам государственной службы и его территориальные департаменты...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың негізігі басымдықтарының бірі

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі...

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Қазақстандық айтыскер ақындар жаңа Конституция жобасына қолдауын жыр арқылы...