12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тіл мәртебесі – ортақ жауапкершілігіміз

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Дегенімен, әлі де қазақ тілін қолдану өз керекті жоғары деңгейінде деуге деп айту қиын.

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені мәлім. Алайда, бұл факт кейбір мекемелер мен жеке тұлғаларға қатысы жоқтай көрінеді.

Мысалы, ең бірінші кезекте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны жандандыру, тіл саясатын іске асыру, тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында қолданысын дамыту мәселесін мемлекеттік мекемелер бақылауға алулары қажет деп есептеймін. Яғни, мемлекеттік мекемелердің өзара құжат айналымы тек мемлекеттік тілінде болу қажет, қазақ тілін дамыту саясатын қолдап және осы ұстанулары абзал. Алайда, кейбір жағдайда мемлекеттік мекеме бола тұра, хат алмасу барысында ресми тілінде хат жолданатын жағдайлар да кездесіп тұрады.

Сондықтан, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды мәселе болғандықтан ол патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Сол себептен де, қазіргі кезде мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қатаң бақылауға алынып отыр.

Мәселен, соттар өз тарапынан басқа мемлекеттік мекемелерге сот өндірісіне барлық хаттар мен құжаттар мемлекеттік тілде жолдану қажеттігі жайлы хаттар жолдап, қазақ тілін кеңінен пайдалану мақсатында іс-шаралар жиі өткізіп тұрады. Алдағы уақытта бұл жүргізіліп отырған жұмыстар қажетті көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Сондай-ақ, сот практикасында мынадай жағдай да кездеседі, мәселен – ұлты қазақ бола тұра талап қоюшы сотқа талап арызын ресми тілінде өткізеді, ал жауапкері де ұлты қазақ. Әрі қарай, сот отырыстарына келгенде тараптардың ешқайсысы орыс тілін білмейтіні анықталады. Орыс тілін білмесе не себептен орыс тілінде талап арызын келтіргені жайлы сұрағанда – адвокат талап қоюшыға талап арызды орыс тілінде жазып бергені жайлы айтады. Бұл өз кезегінде біршама қиындық туғызады. Яғни, Қазақстан Республикасы Азаматтық Процестік кодексінің 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге болады. Бірақ бұның өзі де судьяның біршама уақытын алатыны анық. Ал сот отырысы барысында тараптардың тілді білмейтіні анықталса аудармашы шақыртылады.

Осы орайда статистикамен танысып өтсек, мәселен 2025 жылдың 12 айында Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен жалпы барлық кіріс құжаттың бар болғаны 57%-ы ғана мемлекеттік тілде. Әрине, өте төмен көрсеткіш.

Жалпы, мемлекеттік тіл – тәуелсіздікті айқындайтын басты белгілерінің бірі.

Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмайды. Мемлекеттік тілдің пайдаланысын азайтуға мүмкіншілік берілмеу қажет. Тіпті ақын, жазушы Р.Ғамзатовтың өзі – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген. Қандай керемет айтылған дана сөз.

Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына және мемлекеттік тілдің болашағы зор екеніне кәміл сенеміз.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Ералыұлы Байназаров

Қылмыстық істерді медиация тіртібімен реттеу

«Ел даусыз болмас» дегендей, дау кез келген қоғамда кездесетін...

Несовершеннолетние ученики средних школ посетили суд

В Специализированном межрайонном суде по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Когда внимание превращается в угрозу

СТАЛКИНГ – ЭТО НАВЯЗЧИВОЕ И НЕЗАКОННОЕ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЧЕЛОВЕКА, КОТОРОЕ...

Орта мектептің кәмелетке толмаған жасөспірім оқушылары сотқа келіп кетті

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаланың...

Интернет алаяқтық

Алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс...