Ә.Қастеев атындағы ұлттық өнер мұражайына танымдық саяхат

2026 жылғы 20 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Бектурова Эльмира мен Азимбаева Индираның  жетекшілігімен «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдер)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Сапалы білім» ТДМ-4 аясында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайына танымдық саяхат жасады.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің мәдени-эстетикалық дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру және рухани байыту.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы — республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет нысаны әрі Қазақстандағы бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы. Мұражай қорында 22 500-ден астам бірегей туындылар сақталған. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка және Шығыс халықтарының кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы өнер туындылары бар.

Саяхат барысында студенттер қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарымен танысты. Атап айтқанда, сырмақ, текемет, түскиіз, қыз жасауының элементтері, отау жабдықтары, күмістен жасалған әшекейлер мен зергерлік бұйымдар ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Әбілхан Қастеевтің төл туындылары мен XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ, орыс және еуропалық суретшілердің шығармалары студенттердің өнерге деген танымдық қызығушылығын арттырды.

Мұражай экспозициясындағы мүсіндер мен көркем кескіндемелер болашақ филолог-аудармашылар үшін мәдени кодтарды тану, ұлттық дүниетанымды түсіну және көркем мәтіндерді интерпретациялау тұрғысынан маңызды тәжірибе болды. Мұражай қызметкерлерінің кәсіби түсіндірмелері студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастырып, мәдени мұраға деген құрметін нығайтты.

Танымдық сапар студенттердің рухани дамуына серпін беріп, ұлттық мәдени мұраны бағалай білетін, кең дүниетанымды болашақ мамандар қалыптастыруға ықпал етті.

Бектурова Эльмира,  Азимбаева Индира

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті

Шетел филологиясы және аударма ісі

кафедрасының аға оқытушылары 

Американский авто-путешественник и блогер прибыл в Казахстан

Американский авто-путешественник и блогер Connor, известный под никнеймом @camperghini, прибыл...

Сот кабинеті – азаматтар үшін қолжетімді әділет құралы

Қазіргі цифрлық дәуірде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа...

Парасаттылық пен ашықтық – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның дамуы мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей...

ҚазҰУ-да тең мүмкіндік пен достықты дәріптеген үстелүсті жарысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша...

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот дауларын шешудің тиімді бағыттары

      Сот жүйесіндегі ең күрделі әрі нәзік мәселелердің бірі...