Қазақстанда «Миранда құқығы» енгізілсе, не өзгереді?  

Бұдан былай Қазақстанда жауапқа тартылған әрбір азаматқа оның бастапқы құқықтары бірден түсіндірілуі мүмкін. Бұл норма Ата Заң деңгейінде бекітіліп, тергеу әділдігінің басты кепіліне айналмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Миранда құқығының» шығу тарихы 1966 жылғы АҚШ-тағы атышулы сот ісімен байланысты. Аризона штатында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Миранда есімді азамат өзінің конституциялық құқықтары түсіндірілмегенін алға тартып, штатты сотқа беріп, нәтижесінде жеңіп шығады. Бұл ереже алдымен Америкада, кейін Еуропа мен әлемнің көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік деңгейде қабылданды, — дейді ол. 

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл норманың Конституцияға енуі адам құқықтарын қорғаудың жаңа сатысы екенін айтады. 

Қазіргі таңда бұл мемлекеттік дәрежеде қабылданған құқық. Ол қандай да бір қылмыс жасап ұсталған азаматқа сол мезетте оның құқықтарын түсіндіруді міндеттейді. Яғни оның адвокат алу құқығы бар екені, адвокатқа қаражаты болмаса, мемлекет беретіні, жауап беруден бас тарту құқығы бар екені және берген жауабы өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екендігі түсіндірілуі тиіс. Егер бұл бастапқы құқықтар түсіндірілмесе, кейін тергеу немесе сот барысында жинақталған дәлелдемелерді негізсіз деп тануға алғышарт болады, — деді ол.

Оның айтуынша, егер бастапқы құқықтар тиісінше түсіндірілмесе, кейін тергеу немесе сот барысында жинақталған барлық дәлелдемелер заңсыз деп танылып, оларды жарамсыз деп табуға толық негіз болады.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.