Журналистер тегін онкоскринингтен өтті: ерте диагностика – өмір кепілі

21 ақпанда Түркі тілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы бастамасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын журналистерге арналған медициналық тексеру биыл онкологиялық дерттер бойынша тегін скрининг форматында өтті. Тексеру Алматы облыстық көпсалалы клиникасы базасында ұйымдастырылды.

2025 жылғы онкологиялық қызметтің нәтижелері

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында 2025 жылы жүргізілген онкологиялық қызмет оң динамика көрсетті. Ерте диагностиканың артуы, өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі және скринингтік бағдарламалардың тиімділігі жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін айқындады.

Қазіргі таңда елімізде онкологиялық дертпен диспансерлік есепте тұрған науқастар саны 240 мың адамға жетті. 2025 жылы 41 мыңға жуық азаматқа алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылды. Өлім-жітім көрсеткіші 14%-ға төмендеді.

Алматы аймағындағы ахуал

Алматы аймағы халқының саны – 1 586 875 адам.

Клиникада онкологиялық есепте 12 285 науқас тіркелген.

2025 жылы жаңадан 2 222 науқас есепке алынды.

Есепті кезеңде 716 пациент қайтыс болды.

Скринингтік бағдарламалар нәтижесі (2025 ж.)

* **Сүт безі обыры** – 74 000 әйел тексеріліп, 160 қатерлі ісік анықталды;

* **Жатыр мойны обыры** – 62 000 әйел тексеріліп, 36 жағдай тіркелді;

* **Колоректалдық обыр** – 90 000-ға жуық адам қамтылып, 34 ісік анықталды.

Жалпы скрининг қорытындысы бойынша 230 обыр жағдайы және мыңдаған обыр алды өзгерістер анықталды.

Жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы

2025 жылы жылжымалы медициналық кешен арқылы 13 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет қолжетімді болды.

* 32 науқасқа қатерлі ісік диагнозы қойылды;

* 290 науқас қатерлі ісікке күдіктенді;

* 490 науқаста обыр алды аурулары анықталды.

Ауру түрлері бойынша көрсеткіштер

**Колоректалдық қатерлі ісік**

* 2025 жылы тіркелгені – 172 науқас;

* Оның ішінде 1–2 сатысында – 111 науқас;

* Жыл соңында есепте тұрғандар – 892 адам.

**Сүт безі қатерлі ісігі**

* Жаңадан тіркелгені – 319 науқас;

* 1–2 сатысында анықталғаны – 294 науқас;

* Жыл соңында есепте тұрғандар – 2 691 адам.

**Жатыр мойны қатерлі ісігі**

* Жаңадан тіркелгені – 119 науқас;

* 1–2 сатысында анықталғаны – 112 науқас;

* Жыл соңында есепте тұрғандар – 1 188 адам.

“Жасыл дәліз” жүйесі

Пациенттерді уақытылы бағыттау мақсатында “жасыл дәліз” жүйесі жұмыс істейді. Оған 112 жалпы практика дәрігері тартылған. Бұл жүйе диагноз қою мерзімін қысқартып, мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділікті арттырды.

Мамандардың айтуынша, ерте анықталған дерттің емделу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан скринингтік тексерулерден уақытылы өту – әр азаматтың денсаулығына деген жауапкершілігінің маңызды көрінісі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...