12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӨМІР АДАМҒА ЗОРЛЫҚҚА ШЫДАУ ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ

Жыл сайын Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты әлімжеттік және тұрмыстық зорлық-зомбылық саны өсіп барады. Онымен күресу бағытында іске асырылып жатқан іс-шараның
көптігіне, жазаның қатаңдатылғанына қарамастан зорлық-зомбылық азаймай отыр.

Соңғы бір-екі аптаның ішінде-ақ еліміздің әр өңірінде жас балаларға  қатысты жаға ұстатар сұмдық жайттарды көз көріп,  құлақ естіп жатқанымыз өкінішті.  Жалпы отбасылық зорлық-зомбылық әлемнің әрбір елінде кездеседі. Әрине, зорлық-зомбылық үшін жаза жоқ емес. Мысалы, отбасындағы жанжал мен зорлық үшін Қытай, Бруней, Иран елдерінде өлім жазасы қарастырылса, Франция, Германия, Ұлыбритания сияқты Еуропа елдері мен Үндістанда бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан бастап, өмір бойына дейін созылуы мүмкін. Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 10-тармағында жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар 73-баппен жауапкершілікке тартылады. Мысалы, құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру сияқты әрекеттерді жасаса, әкiмшiлiк қамаққа алынуы мүмкін. Елімізде тұрмыстық зорлық- зомбылық жағдайлары БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысан дарын жою туралы конвенциясы, ҚР Конституциясы, Қылмыстық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі аясында қаралады. Құқық бұзушыға әкімшілік шара қолданылады немесе балаға қатысты болса, ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру жазалары қолданылады. Ал жәбірленген тұлғаларға мамандандырылған дағдарыс орталықтарында көмек көрсетілуі мүмкін. Мамандандырылған дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және   заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық мекемелерге жібереді, уақытша баспана береді. Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының зиян келтірсе, айыппұл салынуы мүмкін немесе әкімшілік қамаққа  алынуы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық деген түрлері болады. Сот істі қараған кезде де осы жағдайлар ескеріледі. Мысалы, күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып жасалса, психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасау болып табылады. Ар-намысы мен абыройын кемсіту де психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады. Әрине, сексуал- дық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет. Ал, экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. Зорлық-зомбылықтың ең жиі кездесетін түрі – физикалық зомбылық. Физикалық зорлық болғаннан кейін міндетті түрде 103 нөміріне хабарласып, айту керек. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын заңдар мен тиісті органдар, тұлғалар бар. Сондықтан әрбір адам бұл туралы білуі керек. Өмір шыдау үшін, көну үшін берілген жоқ. Әр адамда бір ғана өмір бар. Оны қалай сүресіз – ол сіздің қолыңызда. Сондықтан зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз немесе айналаңыздан байқасаңыз, үнсіз қалмаңыз. Себебі, оның арты қандай жағдайларға алып келетінін ойлау- дың өзі қорқынышты. Бірден ішкі істер органдарына жүгіну қажет. Әкімшілік жауапкершіліктің өзі отбасын сақтап қалуға, адамды түзеуге, ес жиюға септігін тигізетіні анық.

Маңғыстау аудандық сотының төрағасы Д.Утебалиев

Қылмыстық процесс қатысушылары тең құқылы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (ҚПК) 9-бабымен кiнәсiздiк презумпциясы...

Алматыда 13-ші Халықаралық қысқы мектеп мәресіне жетті

Алматыдағы «БҰҰ Плаза» ғимаратында басталған дәстүрлі 13-ші Халықаралық қысқы...

Shymbulak и курорты Евразии приняли Зеленую хартию

В рамках III Фестиваля Евразийского Альянса горных курортов (ЕАГК)...

Shymbulak және Еуразия курорттары Жасыл хартия қабылдады

Алматыда өтіп жатқан III Еуразиялық тау курорттары альянсының (ЕТКА)...

Shymbulak и курорты Евразии усиливают международное партнёрство

В Алматы подписан Меморандум о взаимопонимании между Евразийским Альянсом...