2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлер іріктеледі. Іріктеу 10 сәуірге дейін жүреді.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары қатарына еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180 см-ден жоғары және 195 см-ден аспайтын, білімі орта, орта арнаулы және жоғары, денсаулығы жақсы кез келген азаматы қосыла алады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Іріктеуден өткен сарбаздар әскери борышын Астана және Алматы қалаларындағы “Айбын” және “Батыр” президенттік полктерінде атқарады. Олар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.

ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысу, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқарады.

Мерзімді әскери қызметті ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында атқару жас азаматтар үшін мықты ерлік мектебі болады, олар мұнда өзінің өмірлік жолына қажетті маңызды дағдыларға үйренеді. Жастар үшін бұл кезең ары қарайғы мансап жолын жалғастыруға негіз, әлеуметтік лифт болуы мүмкін. Мерзімді әскери қызметті аяқтағандар қалауы бойынша қызметті келісімшарт негізінде жалғастыра алады, одан әрі олардың арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқару мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.

Шетелдік гранттар туралы сұрақ баспасөз мәслихаты кезінде Төреғожинаны тығырыққа тіреді

Бүгін Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросында 2022 жылғы...

АДАЛ АЗАМАТ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда адамдар арасында әртүрлі себептерге байланысты дау-дамайлар мен келіспеушіліктер...

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Впервые для Центральной Азии: тысячи светящихся браслетов станут частью шоу Энрике Иглесиаса

Стали известны новые детали и особенности предстоящих концертов Энрике...