12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Абай университетінде «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті штабының бастығы, полиция полковнигі Айжан Рамиева, Ақпараттық саясат басқармасының бастығы, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек, сондай-ақ университет басшылығы мен «Құқықтану» мамандығында оқитын студенттер қатысты.

Факультет деканы, профессор Ғабит Кенжебаев жиынды Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзімен бастады. Ол конституциялық реформалар кезеңінде жастардың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін арттыру – ел дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдары ел ішіндегі тәртіпті қоғаммен бірлесе отырып қамтамасыз етеді. Полиция – жазалаушы орган емес, ең алдымен халыққа және оның қауіпсіздігін сақтауға қызмет ететін құрылым. Полиция полковнигі Айжан Мухамбетбайқызы қоғам мен полиция арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін жеткізді.

Алматы қалалық Полиция департаменті Ақпараттық саясат басқармасының басшысы Салтанат Қуанышбайқызы «Заң мен тәртіп» қағидатына тоқталып, заңды сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тілге тиік етті. Оның айтуынша, халыққа адал қызмет ету – абыройлы әрі жауапты жол. «Адам ең алдымен өз-өзіне адал болуы керек. Жүрек қалауымен келгендер ғана бұл қызметте қалады. Өзіне әрі ісіне адал әріптестермен қызмет ету – әрдайым үлкен мәртебе» деген С.Әзірбек студенттерді құқық қорғау саласында еңбек етуге шақырды.

Кездесу барысында студенттер сауалдарын қойып, түрлі құқықтық жағдайларға байланысты пікір алмасты. Жастардың білімі мен білігін ұштастырып, құқық саласындағы әлеуетін арттыруға мамандар кеңес берді. Студенттердің оқу бағдарламасын заманауи қажеттіліктерге сай жетілдіру мәселесі де көтерілді. Атап айтқанда, технологиялық бағдарламалау, кибер-қылмысқа қарсы іс-қимыл, коммуникациялық дағдыларды дамытуға бағытталған пәндерді енгізу ұсынылды.

Қазіргі құқық қорғау қызметкері – заманауи технологияларды меңгерген, сыни ойлайтын, қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнататын білікті маман болуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша өткен тағылымды кездесу соңында білім алушылар меймандармен ортақ суретке түсіп, мол тәжірибемен бөліскені үшін алғыс білдірді.

ЖАҢА ӨЗГЕРІС ӨЗIМIЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде жаңа редакциядағы Конституция әзірленіп, ондағы жаңа ережелер қоғам...

Уақыт қажеттілігінен туған жоба

Дәл қазір елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланып, талқылану үстінде....

Халық кеңесін құрудың мәні жоғары

Қазақстанның Конституциясы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы сенімді нығайтуға,...

Әскери сот процесінде ӘРПК нормалары бойынша әкімшілік істерді қарау

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) күшіне енуі әскери...

Сот приставы – сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі сот шешімдерінің...