Қарағанды облысының кадрлық резерві: Өңірдің жаңа көшбасшылары

Өңірлік кадр резерві – еліміздің дамуына үлес қосатын, жаңа буын білікті басқарушыларды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар жоба. Алдағы уақытта да бұл бастама мемлекеттік кадр саясатын одан әрі жетілдіруге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Кадр резервіне қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында жоспарланған реформаларды тиімді іске асыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне, жеке жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей тәуелді екенін ерекше атап өткен болатын.

Осы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы Қарағанды облысында алғаш рет Өңірлік кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілді.

Іріктеу қорытындысы бойынша 25 үміткер Қарағанды облысының өңірлік кадр резервіне қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 50 %, тиісті орта буындағы басшылық лауазымдарға тағайындалып, экономика, жер қатынастары, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және сәулет секілді әртүрлі салаларда  еңбек етуде.

Сонымен қатар, өзге резервшілерге әртүрлі бос лауазымдар ұсыну жұмыстары жалғасын табуда.

Өңірлік кадр резерві – мемлекеттік қызмет саласында кезең-кезеңімен кәсіби табысқа жетудің жүйелі әрі тиімді тетігі. Бұл жол қызметтік сатылардың барлығынан өтіп, тәжірибе жинақтауға, басқару үдерістерін терең меңгеруге және кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару жүйесінің қыр-сырын жан-жақты түсіну үшін осындай сатымен даму аса маңызды.

Осыған орай, резерві арқылы кезең-кезеңімен өсу – тек мансаптық жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар кәсіби кемелденудің сенімді кепілі. Бұдан бөлек, резерв аясында өзге мемлекеттік органдардағы тең деңгейдегі (горизонталь) лауазымдарға ауысу арқылы жаңа тәжірибе жинап, болашақта кәсіби өсуге жол ашылады.

Ж.Сәрсен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы

Шетелдік гранттар туралы сұрақ баспасөз мәслихаты кезінде Төреғожинаны тығырыққа тіреді

Бүгін Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросында 2022 жылғы...

АДАЛ АЗАМАТ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда адамдар арасында әртүрлі себептерге байланысты дау-дамайлар мен келіспеушіліктер...

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Впервые для Центральной Азии: тысячи светящихся браслетов станут частью шоу Энрике Иглесиаса

Стали известны новые детали и особенности предстоящих концертов Энрике...