12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен аяқтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ел қоржынына жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салып, Олимпиадада топ жарды. Ол осы спорт түрінде Олимпиада шыңына шыққан тұңғыш қазақстандық атанды. Бұған дейінгі ең үздік нәтиже 2014 жылы Сочиде Денис Тен еншілеген қола медаль еді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға жайғасты. Жалпы есепте Норвегия көш бастады. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.

1994 жылы қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, жалпы есепте 12-орын алған еді. Төрт жылдан кейін құрама еншісінде екі қола болды. 2002 және 2006 жылдары Қазақстан жүлдесіз қалды. 2010 жылы бір күміс, 2014 жылы бір қола медальға қол жеткізді.

2018 жылы да Қазақстан Олимпиаданы бір қола жүлдемен аяқтады. Ал 2022 жылғы ойындарда құрама медаль ала алмады.

Айта кетейік, тәуелсіздік кезеңінде қысқы Олимпиадада чемпион атанған қазақстандық спортшылар — шаңғышы Владимир Смирнов пен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров.

Суреттер: ҰОК

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Бүгін Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Армия в режиме правовой оценки

ИНЦИДЕНТ В ОДНОЙ ИЗ ВОИНСКИХ ЧАСТЕЙ ГВАРДЕЙСКОГО ГАРНИЗОНА, ГДЕ ВОЕННОСЛУЖАЩИЙ СРОЧНОЙ СЛУЖБЫ ПОЛУЧИЛ ТЯЖЕЛЫЕ ТЕЛЕСНЫЕ ПОВРЕЖДЕНИЯ, СТАЛ ПРЕДМЕТОМ УГОЛОВНОГО РАССЛЕДОВАНИЯ И ПОВЛЕК ЗА СОБОЙ ОТСТАВКИ КОМАНДНОГО СОСТАВА.

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Ақтөбеде рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбеде танымал рэп орындаушы Qarakesek психотроп затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.

АҚШ-пен тікелей әуе қатынасы ашылады: Елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізілмек 

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникасын өндіретін Boeing трансұлттық корпорациясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті.