12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ МҰРАСЫ

Қазақстан халқы 15 наурызда жаңа Конституцияға референдум арқылы дауыс береді. Осындай тарихи бетбұрыс тұсында Абай университетінде Қазақстан Конституциясы мен заң саласына зор еңбек сіңірген Салық Зимановтың 105 жылдығына арналған «Зиманов энциклопедиясының» тұсауы кесілді. Басылым жаңа Конституция мен бұған дейінгі Ата Заңдардың арасындағы тарихи сабақтастық үшін өте маңызды. Оған танымал академик-ғалымдар мен заңгерлер және ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты.

Қазақстанда құқықтық мемлекет қағидаттарын жаңғырту, конституциялық реформаларды жетілдіру мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Мемлекет тұрақтылығының басты кепілі саналатын Конституцияның тарихи негіздерін зерделеу, оны қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың ғылыми мұрасын жаңаша бағалау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздің тұңғыш және қолданыстағы Конституциясын қалыптастыруда зор үлес қосқан ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымының заңғар тұлғасы Салық Зимановтың 105 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл жиын «Жаңа Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты тақырып аясында өрбіді. Басқосуды университеттің Зерттеу қызмет және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан ашып, Салық Зимановтың құқықтық ғылымдағы орны мен Конституция дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Салық Зиманов кеңестік кезеңде отандық заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі ретінде елге белгілі болса, тәуелсіздіктің алғашқы сындарлы жылдарында ғылыми мол тәжірибесін ұлттық мемлекеттің іргетасын бекітуге жұмсады. Ол еліміздің заңнамалық негізін қалыптастыруға бағытталған бірнеше конституциялық актілердің әзірленуіне тікелей атсалысты. Конституция туралы құжаттың өмірге жолдама алуына зор еңбек сіңірді, – деді проректор.

Іс-шара барысында «Зиманов энциклопедиясы» басылымының тұсауы салтанаты түрде кесіліп, еліміздің бір топ заңгер-ғалымдары Салық Зимановтың 100 жылдығына арнайы шығарылған мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Салық Зиманов энциклопедиясы – Қазақстандағы құқықтық ғылымның және конституциялық дамуға өлшеусіз үлес қосқан С.Зимановтың өмірі мен қызметін, ғылыми еңбектерін, қоғамдық және мемлекеттік қызметтегі рөлін жан-жақты қамтитын бірегей басылым. Энциклопедия Қазақстандағы Конституцияны қалыптастырудың дәстүрін көрсете отыра, елімізде қабылданатын Жаңа Конституция жобасының тарихи сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстан ғалымдар қауымдастығының төрағасы Оразалы Сәбден бастаған белгілі тұлғалар сөз сөйлеп, Қазақстан конституциялық құқық ғылымы мен Салық Зиманов туралы пікір білдірді. Салық Зимановтың ғылыми мектебі, шәкірттері мен құқықтық мемлекет қалыптастыруға қосқан үлесі туралы ой бөлісіп, басылымның ғылыми әрі тарихи маңызына ерекше тоқталды.

Ғалымдардың пікірінше, энциклопедияда көтерілген идеялар референдум арқылы қабылданбақ жаңа Конституция қағидаттарымен үндесіп, оның құқықтық сабақтастығы маңыздылығын айқындай түспек.

Две операции — один наркоз: в АМКБ спасли здоровье матери и ребенка

В Алматинской многопрофильной клинической больнице врачи провели сложную симультанную...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: ӘКІМШІЛІК ӘДІЛ СОТТАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстанда азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен дауларын әділ және...

Референдум-2026: город в рабочем ритме

11 февраля на сайте Акорды было размещено официальное постановление...

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

11 ақпанда Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...