Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, азаматтар референдумда жаңа Конституция жобасын қолдаса, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін сайлау өтуге тиіс. Ал жаңа Парламент 1 қыркүйекте жұмысын бастайды.

«Қазақстан халқы Конституция жобасын қолдаса, бұл құраммен 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз. 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент жұмыс істей бастайды», — деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа Конституция күні ретінде алдағы референдум өтетін күн, яғни 15 наурыз белгіленуі мүмкін екенін айтты.

Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды? 

ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін 

Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.