Алматыда балабақшалар ЖИ платформаларына қосылады 

Наурыз айынан бастап Алматы қаласындағы мемлекеттік балабақшалардың педагогтері жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын тегін қолдана алады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жобаның негізгі мақсаты – балабақшадан мектепке дейінгі бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру. Қаладағы балабақшалар заманауи платформаларға келесі айдан бастап қосылады. Дегенмен №92 бөбекжайда ЖИ құралдары қазірдің өзінде қолданылып келеді. Мұнда бүлдіршіндер сурет салу, танымдық ойындар және шығармашылық тапсырмаларды цифрлық технологиялармен ұштастырады. Мәселен, балалар 3D-қалам арқылы түрлі бұйымдар жасауды үйреніп жүр.

Балабақша тәрбиешісі Салтанат Садықованың айтуынша, Gemini, Storybook, Creator платформалары балаларға материалды визуалды әрі ойын форматында түсіндіруге мүмкіндік береді. ЖИ оқу материалдарын әзірлеуде және оқу процесін ұйымдастыруда тиімді көмекші құралға айналған. Қазір бұл балабақшаның ұстаздары алты түрлі платформаны пайдаланып отыр және тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісуге дайын.

Жуырда Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты Алматыдағы 320 педагогті арнайы курстан өткізеді. Олар «Өнеркәсіптік инжинирингке оқыту және ChatGPT Edu-ды пайдалану» тақырыбында білімдерін жетілдіреді.

«Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар» ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Әтейбектің айтуынша, басты мақсат – балабақшадан мектепке дейінгі үздіксіз цифрлық вертикаль қалыптастыру. Яғни бала жаңа ортаға емес, өзіне таныс әрі қауіпсіз цифрлық білім беру кеңістігіне бейімделуі тиіс.

Біртіндеп ЖИ платформалары жекеменшік балабақшаларға да қолжетімді болмақ.

Қала мектептерінде де бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия сабақтарында жасанды интеллект құралдары қолданылады. Мұғалімдер күрделі тақырыптарды ЖИ көмегімен жан-жақты түсіндіріп, сабақтың қызығушылығын арттырған.

Сандуғаш Әтейбектің мәліметінше, екі жыл қатарынан 10-11 сынып оқушылары ЖИ бойынша білім алып келеді. Сонымен қатар 2025 жылдың маусым айында қаладағы 225 мемлекеттік мектептің педагогтері жеті күндік арнайы оқытудан өткен.

Мамандардың айтуынша, Алматыда 200 мыңнан астам оқушы мен педагог білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын пайдаланады. Ай сайын олар құжаттар мен графикалық жобаларды әзірлеу үшін шамамен 34 мың операция орындайды.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.