12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң мен адалдық: полиция 200-ге тарта студентке дәріс өтті

Түркістан облысының полицейлері «Адал азамат» жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруда. Соның бірі — Түркістан қаласындағы «Жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде» өтті. Жас буынмен кездесуге Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев арнайы барды.

Мақсат — студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және бойларында адалдық қағидаларын нығайту.
200-ге тарта студент жиналған шарада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық кодекс, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң жан-жақты түсіндірілді.

Полиция полковнигі Н.Мырзатаев: «Адал білім, таза еңбек, әділ ұстаным – нағыз табыстың негізі. Сіздер – ертеңгі елге қызмет ететін мемлекеттік қызметкерсіздер. Сондықтан бүгіннен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырыңыздар. Пара бергенде, алғанда, арасында делдал болғанда қылмыстық жауаптылықтан қаша алмайды. Заң бұл тұрғыда қатал»,-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заманауи білім мен белсенді студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінде...

Қазақстан Республикасында сот жүйесін нығайтудағы Судьялар одағының рөлі

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында сот билігінің...

ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік...

ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің...