12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заманауи білім мен белсенді студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінде ерекше орны бар, тарихы терең, дәстүрі қалыптасқан жетекші білім ордасы. Бүгінде ҚазҰУ қабырғасында мыңдаған студент білім алып, ғылыммен айналысып, шығармашылық және қоғамдық өмірге белсенді қатысып келеді. Университет студенттері тек кәсіби мамандық иесі болып қана қоймай, жан-жақты дамыған, заманауи талаптарға бейімделген тұлға ретінде қалыптасуда.Оқу ордамыздағы  білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылған. Университетте білім беру бағдарламалары еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңартылып, инновациялық әдістер мен заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл студенттердің сапалы білім алуына, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.Студенттердің білім алу процесінде теория мен тәжірибенің үйлесімі басты назарда. Оқу барысында студенттер дәрістермен қатар семинар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар және өндірістік тәжірибеден өтеді. Әсіресе, заң, экономика, халықаралық қатынастар, журналистика, ақпараттық технологиялар сияқты бағыттар бойынша білім алушылар кәсіби тәжірибеден өтіп, болашақ мамандығына қажетті дағдыларды меңгереді.                   

ҚазҰУ-дың басты ерекшеліктерінің бірі – білім беру жүйесінің цифрландырылуы. Университетте электронды кітапхана, онлайн оқу платформалары, цифрлық білім беру ресурстары кеңінен қолданылады. Студенттер қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие болып, оқу материалдарына кез келген уақытта қол жеткізе алады. Бұл өз кезегінде білім алудың тиімділігін арттырып, уақытты тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, университетте ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы дамыған: заманауи зертханалар, ғылыми орталықтар, стартап жобаларға арналған алаңдар студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазҰУ студенттік өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Университет студенттері ғылыми жобалар әзірлеп, халықаралық және республикалық конференцияларға, олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысады. Жас зерттеушілер өз салалары бойынша ғылыми жаңалықтар ашып, ғылыми мақалалар жариялап, университеттің ғылыми беделін арттыруға үлес қосуда..

ҚазҰУ студенттерінің студенттік өмірі тек білім алумен шектелмейді. Университет қабырғасында мәдени, рухани, спорттық және қоғамдық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Студенттер түрлі үйірмелер мен клубтарға қатысып, өздерінің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады. Дебаттық қозғалыстар, жастар ұйымдары, волонтерлік жобалар студенттердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, қоғамға пайдалы істермен айналысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, спорттық жарыстар мен мәдени фестивальдер студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.Әсіресе, заң факультетінде білім алатын студенттердің студенттік өмірі мазмұнды әрі қарқынды. Болашақ заңгерлер құқықтық клиникаларда тәжірибеден өтіп, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы іс-шараларға белсенді қатысады. Олар сот процестерінің үлгілік модельдеріне қатысып, пікірсайыс турнирлері мен құқықтық олимпиадаларда өз білімдерін шыңдайды.

Университет студенттерінің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлінеді. Студенттік жатақханалар заманауи талаптарға сай жабдықталған, кітапханалар мен оқу залдары тәулік бойы жұмыс істейді. Студенттерге арналған әлеуметтік қолдау шаралары, түрлі шәкіртақылар мен гранттар білім алушылардың оқуына қолайлы жағдай жасайды. Университет әкімшілігі студенттердің ұсыныс-пікірлерін ескеріп, олардың бастамаларын қолдауға әрдайым дайын.ҚазҰУ студенттері халықаралық деңгейде де белсенді. Олар академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің ҚазҰУ-да білім алуы халықаралық мәдениетаралық байланысты нығайтып, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтеді.Қорыта айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттік өмір білім мен ғылымның, шығармашылық пен қоғамдық белсенділіктің үйлескен ортасы. Мұнда әрбір студент өз қабілетін ашып, кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуға мүмкіндік алады. ҚазҰУ студенттері – еліміздің болашағын қалыптастыратын білімді, білікті, жауапкершілігі жоғары жас буын. Университет қабырғасында алған білім мен тәжірибе олардың жарқын болашаққа сенімді қадам жасауына берік негіз қалайды.

Турсынкулова Д.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін нығайтудағы Судьялар одағының рөлі

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында сот билігінің...

ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік...

ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...