12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік — процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік сот ісін жүргізудің заманауи әрі тиімді тетіктерін көздейді. Сол тетіктердің бірі — татуластыру рәсімдері. Бұл институт әкімшілік дауларды сотқа дейін немесе сот барысында тараптардың өзара келісімі арқылы шешуге мүмкіндік береді. Татуластыру рәсімдерінің енгізілуі құқықтық мәдениетті арттыруға, сот жүктемесін азайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғаудың баламалы жолдарын дамытуға бағытталған.
ӘРПК-дегі татуластыру рәсімдерінің негізгі мақсаты — тараптар арасындағы дауды сот шешімін шығармай-ақ, өзара ымыраға келу арқылы реттеу.
Татуластыру рәсімдерінің маңызды артықшылықтарының бірі — уақыт пен шығынды үнемдеу. Сот талқылауы ұзаққа созылуы мүмкін, ал татуластыру арқылы мәселе қысқа мерзімде шешіледі. Сонымен қатар, тараптар өзара келісімге келген жағдайда, қабылданған шешім көбіне ерікті түрде орындалады. Бұл атқарушылық іс жүргізуге кететін қосымша қиындықтарды болдырмайды. ӘРПК аясында татуластыру рәсімдерін қолдану судьяның белсенді рөлін де көрсетеді. Сот тараптарға татуласу мүмкіндігін түсіндіруге, рәсімдерді таңдауға жәрдемдесуге құқылы.
ӘРПК — дегі татуластыру рәсімдері әкімшілік әділеттіліктің тиімділігін арттыратын маңызды құрал болып табылады. Олар азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтып, дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастырады. Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға және әкімшілік сот ісін жүргізудің сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Татуластыру рәсімдерін дамыту әкімшілік процесте дауласу мәдениетін өзгертуге ықпал етеді. Бұрын азамат пен мемлекеттік орган арасындағы даулар көбіне қарсыласу сипатында өтсе, қазіргі таңда келіссөздер мен өзара түсіністікке негізделген тәсілдер басым бола бастады. Бұл үрдіс азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтеді.
Сот практикасынан мысал,
талап қоюшы «А» есімді азамат сотқа талап қоюмен жүгініп, онда мемлекеттік салық органына «ЕТТ-Біріңғай кедендік тарифімен» есептелген салық төлемін «ВТО-дүниежүзілік сауда ұйымы» тарифімен есептеуді және үстіндегі есептелген өсімпұлды алып тастауды сұраған. Аталған әкімшілік іс бойынша 2026 жылғы 28 қаңтарда алдын ала тыңдау өткізіліп, тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу үшін уақыт берілді. Тараптардан сот кеңсесі арқылы әкішілік істі өздері жеке дара келісілген шарттар бойынша медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштері түсті. Сот ұйғарымымен тараптарға медиациялық келісім бекітілді.
Сөйтіп тараптар бір ымыраға келіп, дау өзара оңынан шешілді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман — сот отырысының хатшысы: А.С.Сандуақас

Заманауи білім мен белсенді студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінде...

Қазақстан Республикасында сот жүйесін нығайтудағы Судьялар одағының рөлі

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жолында сот билігінің...

ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...