12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ғылым ордасында жоғары білім және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мұнда отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбегі жоғары бағаланды. Бұл жоғары білім саласындағы оқытушылар мен зерттеушілердің әлеуетін арттыруға, білім мен ғылымның қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталып отыр. Республикалық деңгейдегі марапат иелерінің қатарында Абай университетінің ғалымдары да бар.

Салтанатты басқосуға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және жетекші ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты.

Жиынды ашқан Саясат Нұрбек мемлекет дамуындағы жоғары білім мен ғылымның рөліне тоқталып, алдағы жүктелген міндеттерді саралады. Сонымен қатар, «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан үздік ғалымдарды құттықтап, зор табыс тіледі.

Сахна төріне шығып марапат алған үздіктердің қатарында Абай университетінің бір топ ғалымы болғанын айта кетуіміз керек. Атап айтсақ, п.ғ.д., профессор-зерттеуші Ұлжарқын Абдигапбарова «Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері» атанса, PhD, Өнер факультетінің деканы Кәрім Байғұтов «Дарынды жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері» республикалық байқауының жеңімпазы және «Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері» атанды.

– Бұл – тек жеке жетістік емес, бұл – отандық ғылымға көрсетілген қолдаудың нақты нәтижесі. Осындай мүмкіндік жасап, ғылым мен жоғары білім саласына айрықша көңіл бөліп отырған Мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне, сондай-ақ бізге әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан университет басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бұл сенім бізге жаңа ғылыми ізденістерге жол ашып, ел дамуына қызмет етуге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Кәрім Байғұтов көрсетілген жоғары сенім мен қолдау үшін алғысын білдіріп.

Сонымен қатар, жоғары білім берудегі педагогикалық шеберлігін нықтаған 7 оқытушы-профессор «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын иеленді. Олардың қатарыда геогр.ғ.д., профессор Бахадурхан Абдиманапов, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жазира Мукатаева, PhD, Биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, PhD, аға оқытушы Ерлан Исаков, PhD, Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығының жетекшісі Санат Құмарбекұлы, пед.ғ.к., постдокторант Адлет Кариев, PhD, аға оқытушы Нуржанат Шакирова бар.

Бұл марапаттар – Абай университеті ғалымдарының жүйелі еңбегін, ғылыми әлеуетін және білім мен ғылымды ұштастыру жолындағы табанды ізденістерін көрсетері анық.

Қалалық коалиция Алматының барлық ауданында жүйелі түсіндіру жұмыстарына кіріседі

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында Жаңа Конституция жобасын қолдау...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы...

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен,...

Қазақстан Республикасының Судьялар одағына – 30 жыл: тәуелсіз сот билігінің тірегі

Биыл Қазақстан Республикасының Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл толып...