12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасының Судьялар одағына – 30 жыл: тәуелсіз сот билігінің тірегі

Биыл Қазақстан Республикасының Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – еліміздегі сот жүйесінің дамуы мен қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңді айшықтайтын, судьялар қауымдастығы үшін айрықша мәні бар мерейлі дата.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған Судьялар одағы құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық институт ретінде қалыптасты. Ұйымның басты мақсаты – судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың кәсіби беделін арттыру, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану болды.

Отыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағы сот жүйесін жетілдіруге бағытталған көптеген бастамалардың ұйытқысына айналды. Судьялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, тәжірибе алмасу, жас судьяларды қолдау – Одақ қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. Сонымен қатар, ұйым қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың сот билігіне деген сенімін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Судьялар одағы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға белсенді қатысып, сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаң ретінде танылды. Бұл сот тәжірибесінің бірізділігін сақтауға, судьялардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз етуге оң ықпал етті.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағы – судьялар корпусын біріктіретін, беделі жоғары әрі жауапты қоғамдық ұйым. Ол сот билігінің абыройын арттыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Мерейлі 30 жылдық – өткен жолға баға беріп, болашақ міндеттерді айқындайтын маңызды белес. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының Судьялар одағы әділ сот төрелігін жүзеге асыру, судьялардың тәуелсіздігі мен кәсіби беделін нығайту жолындағы қызметін табысты жалғастыра беретініне сенім мол.


Қызылорда облысының Жалағаш аудандық соты әкімшісінің бас маманы Р.Аккасинов

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен,...

Укрепляя потенциал региона

Актюбинская область запускает масштабную модернизацию дорожной сети в рамках...

Еңбекшіқазақ ауданында лимон өсіретін жаңа жылыжай іске қосылды

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында лимон ағашын өсіруге арналған...

Алматинские суды в реальном времени

АЛМАТЫ, БУДУЧИ КУЛЬТУРНЫМ И ЭКОНОМИЧЕСКИМ ЦЕНТРОМ КАЗАХСТАНА, ОБЛАДАЕТ ОДНОЙ...