Еңбекшіқазақ ауданында лимон өсіретін жаңа жылыжай іске қосылды

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында лимон ағашын өсіруге арналған заманауи жылыжай кешені жұмысын бастады. Бұл – аудан аумағында алғаш рет қолға алынған жоба. Бір гектар аумаққа салынған кешен алғашқы өнімін екі жылдан кейін береді. Ал толық қуатына шыққан кезде жылдық өнім көлемі бірнеше тоннаға жетуі мүмкін.

Жобаның бастамашысы – кәсіпкер Юрий Паскалов. Ол өткен жылдың көктемінде бір гектар жерге жылыжай салып, 1200 түп лимон көшетін отырғызған. Жобаға шамамен 500 миллион теңгеге жуық жеке қаражат инвестицияланған. Кешен заманауи талаптарға сай салынып, жыл бойы бірқалыпты температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жылыжайдың басты ерекшелігі – жылдың төрт мезгілінде де жабық күйде жұмыс істеуі. Қыстың қақаған аязында ішкі температура тұрақты сақталса, жаздың аптап ыстығында салқындықты ұстап тұратын заманауи құрылғылар орнатылған. Бұл технология лимон ағаштарының дұрыс өсіп-жетілуіне және сапалы өнім беруіне қолайлы жағдай жасайды.

Кәсіпкердің айтуынша, кешен екі жылдан кейін ғана өнім бере бастайды. Алғашқы кезеңде әр түп лимон ағашы 25–30 килограмға дейін жеміс береді. Ағаш толық жетілгенде бұл көрсеткіш 100 килограмға дейін жетуі мүмкін.

Кәсіпкер Юрий Паскалов жылыжайда қолданылып жатқан технологияларға тоқталды.
Юрий Паскалов, кәсіпкер: «Мен бұл көшеттерді Шымкент қаласынан әкелдім. Қазіргі таңда жылыжайда тамшылатып суару технологиясын пайдаланып отырмыз. Кешен көгілдір отын арқылы бірқалыпты температурада жылытылып тұр. Қазір екі көмекшім бар. Егер ойдағыдай баптап-күтсек, екі жылдан кейін алғашқы өнімін көреміз», – дейді ол.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, көктем мезгілінде жылыжай кешеніне баратын жол қайта жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, өнім нарыққа шыққаннан кейін оны субсидиялау мәселесі де қарастырылмақ.

Ават ауылдық округінің әкімі жобаның ұзақмерзімді екенін атап өтті.
Момынжан Исламов, Ават ауылдық округінің әкімі: «Мемлекет тарапынан өнім алынып, нарыққа шыққаннан кейін субсидиялау мәселесін қарастыруға дайынбыз. Бұл – бір жылдық жұмыс емес. Шаруа қожалық болғандықтан, басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері көрсетіледі. Кәсіпкердің алдағы уақытта тағы да жоспарлары бар», – деді округ әкімі.

Қазіргі таңда кәсіпкер адам ағзасына аса пайдалы лимон жемісін өсіретін жылыжай кешенінің аумағын алдағы уақытта 5 гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпал етпек.

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...

Проведение оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» службой пробации Бостандыкского района

На учете службы пробации Бостандыкского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...