Жылыту маусымында газ күрт қымбаттап кетеді

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газы (СМГ) нарығында құрылымдық тапшылық қалыптасқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газының нақты тұтыну көлемі 2 млн тоннаны құраса, өндіріс көлемі 1,8 млн тонна болған. Яғни нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасында айырмашылық бар.

Сонымен қатар салада бірқатар бағыттың реттелмей отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда:

  • сұйытылған мұнай газын пайдаланатын көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы;
  • автогаз құю станциялары санының бақылаусыз өсуі;
  • өндірушілердің жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының үйлестірілмеуі.

Нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында заң жобасында бірқатар тетіктер ұсынылған. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын пайдаланатын көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жобалау тапсырмаларын келісу, сондай-ақ өндірушілердің жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекіту өкілеттігін Энергетика министрлігіне беру көзделіп отыр, – деді депутат.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю станцияларының шекті санын белгілеу құқығын беру ұсынылады.

Депутат көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылытуға арналған сұйытылған мұнай газы бағасының мемлекеттік реттелмеуі де өзекті мәселе екенін айтты. Жылыту маусымында газ бағасы бір тоннасына 150-200 мың теңгеден 250-300 мың теңгеге дейін өседі.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін аталған санаттағы нысандарды жылытуға арналған сұйытылған мұнай газының бағасын бекіту өкілеттігін Табиғи монополияларды реттеу комитетіне беру ұсынылып отыр.

Заң жобасында автогаз құю станцияларының қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылған. Бүгінде ел бойынша 3 мыңға жуық автогаз құю станциясы бар, олардың 90 пайызының сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан, оның ішінде модульдік станциялар да бар, – деп айтты Еділ Жаңбыршин.

Дәл осындай станцияларда 2025 жылы Түркістан және Атырау облыстарында жарылыстар болып, адам шығынына әкелген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

  • жаңа автогаз құю станцияларында сыйымдылықтарды жер астына орналастыруды міндеттеу;
  • қолданыстағы станциялар үшін 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін сыйымдылықтарды жер астына көшіру бойынша өтпелі кезең белгілеу;
  • заңнамада белгіленбеген орындарда көлік құралдары мен тұрмыстық баллондарды газбен толтыруға тыйым салу ұсынылады.

Заң жобасы сұйытылған мұнай газы нарығын реттеуді жетілдіруге, қауіпсіздікті күшейтуге және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.