12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр. Бұл – тек бақылау емес, салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен «Биыл кімдер декларация тапсыруы тиіс, қандай табыстар көрсетіледі және нені ескеру қажет?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Декларация тапсыруға кімдер міндетті?

2026 жылы табысы бар азаматтардың белгілі бір санаттары декларация тапсыруы керек. Олардың қатарында:

  • жеке кәсіпкерлер;
  • мемлекеттік қызметкерлер және квазимемлекеттік сектор өкілдері;
  • кейбір жалдамалы жұмыс істейтін азаматтар;
  • шетелден табыс табатындар;
  • мүлік, жер немесе көлік сатудан кіріс алғандар;
  • депозит, инвестиция, дивидендтен пайда көргендер бар.

Маңыздысы мынада: егер азаматтың бір емес, бірнеше табыс көзі болса, олардың барлығы декларацияда толық көрсетілуі тиіс.

Қандай табыстар міндетті түрде көрсетіледі?

Көп адам тек жалақыны ғана табыс деп қабылдайды. Алайда декларациялау барысында бұдан әлдеқайда кең ұғым қолданылады. Мысалы, негізгі жалақыдан бөлек қосымша кірістерініз болса, жалға берілген пәтерден немесе үйден түскен ақша да, онлайн қызметтерден, фриланстан, SMM немесе блогерлік қызметтен түскен табыс та пайда болып саналады.

Сондай-ақ шетелден келген ақша аударымдары мен бағалы қағаздардан, инвестициядан түскен пайда да міндетті түрде көрсетілуі керек.

Ал әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар және кейбір өтемақылар табыс ретінде есептелмейді.

Декларацияны қалай және қайда тапсырады?

Қазіргі таңда декларация электронды форматта қабылданады. Азаматтар оны қолжетімді электронды үкімет порталы арқылы немесе салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Сондай-ақ заман талабына сай қазір мобильді қосымшалар көмегімен де тапсыру қолжетімді.

Электронды формат қателіктерді азайтып, процесті жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бірақ мәліметтерді толтырмас бұрын, барлық табыс көзін мұқият тексеру маңызды.

Қандай қателіктерден сақ болу керек?

Мамандардың айтуынша, декларация тапсыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер мыналар:

  1. қосымша табысты жасырып қалу;
  2. шетелден түскен қаржыны көрсетпеу;
  3. инвестициялық кірістерді есепке алмау;
  4. жалға беруден түскен ақшаны табыс ретінде қабылдамау.

Мұндай қателіктер айыппұл салуға немесе қосымша салық есептелуіне әкелуі мүмкін.

Декларациялау не үшін маңызды?

Табысты заңды түрде көрсету – тек талапты орындау ғана емес. Бұл азаматтың қаржылық жауапкершілігін арттырып, болашақта несие алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу секілді мүмкіндіктерге де оң әсер етеді.

2026 жылдан бастап декларациялау жүйесі кезең-кезеңімен толық енгізіліп жатқандықтан, қазірден бастап қаржылық құжаттарға ұқыпты қарау – әр азамат үшін маңызды қадам.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.