Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Бекітілген талаптарға сәйкес, олимпиадалық алтын медаль иегері Қазақстаннан шыққан чемпион 250 мың доллар алады. Бұл шамамен 123,3 млн теңге. Күміс жүлде үшін 150 мың доллар (шамамен 74 млн теңге), ал қола медаль үшін 75 мың доллар, яғни 37 млн теңгеге жуық сыйақы қарастырылған.

Сыйақы тек жүлдегерлерге ғана берілмейді. Төртінші орын алған спортшы 30 мың доллар (14,8 млн теңге), бесінші орын иегері 10 мың доллар (4,9 млн теңге) алады. Тіпті Олимпиадада алтыншы орынға табан тіреген спортшыға да 5 мың доллар, яғни шамамен 2,47 млн теңге көлемінде төлем қарастырылған.

Қазақстан құрамасы үшін алғашқы осындай қаржылық нәтиже де тіркеліп үлгерді. Конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта алтыншы орын алған Надежда Морозова тиісті мемлекеттік сыйақы алуға үмітті.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.