12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңа Конституция жобасын талқылауға қатысу — азаматтық парызымыз!

Конституциялық комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты жаңа Конституция жобасын жариялады. Ұсынылған түзетулер Конституцияның барлық бөлімдерін және 77 бабын қамтып, қолданыстағы мәтіннің шамамен 84 пайызына өзгеріс енгізуді көздегендіктен, комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу туралы бастама көтерді.

Жаңа Конституция жобасында ұлттық мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары басымдыққа ие. Атап айтқанда, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтау, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заң мен тәртіптің үстемдігін орнықтыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау негізгі құндылықтар ретінде айқындалған. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын цифрлық кеңістікте қорғау, ғылым мен инновацияны дамыту, қоғамдық диалогты нығайту, адами капиталды жетілдіру, еңбекқорлық пен жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды қағидаттар қатарына енгізілді.

Конституция жобасында ерекше мән берілген негізгі жаңашылдықтардың бірі – Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы ретінде Құрылтай институтының енгізілуі. Құрылтай бір палаталы жоғары өкілді әрі заң шығарушы орган болып табылады. Аталған орган Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі аумағында пропорционалды өкілдік жүйесі негізінде сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан құралады.

Конституциялық реформаның келесі маңызды құрауышы – Қазақстан Халық Кеңесін құру. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін, Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталатын жоғары консультативтік орган ретінде айқындалады. Бұл орган Құрылтайға заң жобаларын енгізу құқығына ие, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум тағайындау жөнінде бастама көтере алады.

Дінаралық және ұлтаралық келісімді сақтау Қазақстанның тұрақты дамуының басты тіректерінің бірі ретінде белгіленді. Сонымен қатар цифрлық дәуір жағдайында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл бағыттағы конституциялық жаңашылдықтар азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы саяси сабақтастықты сақтай отырып, ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындауға және мемлекет пен қоғамның болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін күшейтуге арналған кешенді құжат болып табылады.

Конституция – әрбір қазақстандық үшін аса маңызды құқықтық негіз. Әділетті қоғам құру, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және заң үстемдігін орнықтыру келешек ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретінін айқындайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешім республикалық референдум арқылы қабылданады. Сондықтан адамға, әділеттілікке және болашаққа бағдарланған Конституцияның келбетін айқындау – барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Қорытындылай келе, ұсынылып отырған конституциялық реформа – уақыт талабына сай, негізделген әрі жүйелі қадам. Жаңа Конституция қоғамдық қатынастарды заманауи көзқарас тұрғысынан реттеп, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және елдің орнықты дамуына құқықтық негіз қалыптастыратыны күмән тудырмайды.

Заңға — құрмет, тәртіпке жауапкершілік уақыт талабы

БҚО бойынша ҚАЖ департаменті N74 мекемесінің кезекші бөлім қызметкерлері...

В Алматы проведена уникальная реконструктивная операция ребенку с последствиями глубокого ожога

В рамках международного мастер-класса по реконструктивной хирургии для детей...

Қазақ поэзиясының мұзбалағы – Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл

Биыл қазақ халқының рухани қазынасын байытқан ұлы ақын, сырлы...