12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады. Бұл туралы EconomyKZ.org порталының сарапшысы Сұлтан Валиханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының айтуынша, 2025 жылдың соңында әлемдік алтын нарығы бұрын тек теорияда айтылатын деңгейге жеткен.

Жаһандық алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тонна болды. Бұл – бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұрынғы шектер тек цифр жағынан емес, сұраныстың құрылымы жағынан да әлдеқайда әлсіз көрінеді, – дейді Сұлтан Валиханов.

Оның сөзінше, баға динамикасы да бұл үрдістен қалыс қалған жоқ.

Қаңтардың соңында алтын унциясына 5 000 доллардан жоғары шықты, кейін шамамен 5 600 долларға дейін көтерілді, содан соң тез түзетілді. Апта соңында баға 4 982 доллар деңгейінде жабылды. Түзетуге қарамастан, апта ішіндегі өсім оң болып қалды – шамамен 0,7%. Жыл басынан бері алтын 14% шамасында қымбаттады, – деп атап өтті сарапшы.

Валихановтың пікірінше, нарықтағы негізгі өзгеріс бағада емес, алтынды кім және қандай мақсатта сатып алып жатқанында.

2025 жылы нарықтың негізгі тірегі инвесторлар мен орталық банктер болды. Ал бұрын бағаны жұмсартып отыратын зергерлік сектор әлсірей бастады, – дейді ол.

Инвестициялық сұраныс алтын нарығындағы басты қозғаушы күшке айналған.

2025 жыл бойы инвесторлар алтын ETF-теріне қаржыны тұрақты түрде құйды. 2026 жылдың басында бұл үрдіс тоқтаған жоқ, бірақ қарқыны баяулады. Қаражат ағыны бар, алайда деривативтер нарығы сақтықтың артқанын көрсетіп отыр, – дейді EconomyKZ.org сарапшысы.

COMEX-тегі жағдай да осыны дәлелдейді.

Қаңтар соңында активтерді басқарушылардың таза ұзын позициясы шамамен 378 тонна болды. Басқа қатысушыларда тағы 264 тоннадай жинақталды. Жалпы таза лонг 640 тоннадан асты. Бұл – жоғары деңгей, бірақ соңғы аптада ол қысқарды, – деді Валиханов.

Орталық банктердің әрекеті бөлек логикаға негізделгенін атап өткен сарапшы, олардың сатып алуы нарыққа ұзақ мерзімді тірек беріп отырғанын айтады.

Орталық банктер апта сайынғы бағаға қарамайды. Түзетулерге байланысты бағытын өзгертпейді. Сондықтан бағаның күрт төмендеуі әзірге терең құлдыраудың басталуы сияқты көрінбейді, – деді ол.

Ал зергерлік сектор, сарапшының айтуынша, қысымға түскен.

Бағаның өсуі алтынды соңғы тұтынушы үшін қолжетімсіз етті. 2025 жылы әшекей бұйымдар өндірісі азайды. Бұл сегмент енді нарықты теңестірмейді, керісінше, құбылмалылықты күшейтеді, – деп түсіндірді Валиханов.

Аймақтық тұрғыда Қытай қысқа мерзімді сұраныстың негізгі көздерінің біріне айналған.

Бір апта ішінде қытайлық алтын ETF-теріне құйылған қаражат АҚШ-тағы ағыннан асып түсті. Баға түзетілген сәтте сатып алушылар тез белсенді болды, – дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол Қытай нарығының бағаға өте сезімтал екенін ескертті.

Макроэкономикалық факторлар да алтын нарығына ықпал етіп отыр.

АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені 3,50–3,75% деңгейінде қалдырды. Доллар индексі ұзақ мерзімді өсу трендін бұзды. Бұл алтын үшін ұзақ мерзімде қолайлы, бірақ қысқа мерзімде нарықты мазасыз етеді, – деді Сұлтан Валиханов.

Қорытындылай келе, сарапшы алтынның нарықтағы рөлі өзгергенін атап өтті.

Алтын енді жай ғана тыныш актив емес. Ол жаһандық белгісіздіктің көрсеткішіне айналды. Мұндай жағдайда нарық баяу трендпен емес, өткір қозғалыстармен өмір сүреді, – деп түйіндеді ол.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.

Қазақстанда енді психологтардың арнайы тізімі жасалуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық қызмет туралы заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Қазақстанда зейнеткерлерге қандай қолдау бар?

Қазақстанда зейнет жасына жеткен азаматтар тек ай сайынғы төлеммен ғана шектелмейді. Медициналық қызметтен бастап коммуналдық жеңілдіктерге, әлеуметтік қызметтер мен салықтық қолдауға дейін зейнеткерлерге арналған бірқатар мемлекеттік және жергілікті қолдау тетігі бар.

Жалақы мен өтемақы: Депутаттар жаңа өзгерістер ұсынды

Депутаттар еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қарады.