Жалақы мен өтемақы: Депутаттар жаңа өзгерістер ұсынды

Депутаттар еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Саиров «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде ұлттық заңнаманы жетілдіру және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат 2025 жылғы 19 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған.

Заң жобасы шеңберінде келісу комиссиясының жұмысына делдал тарту, ұжымдық шартта жалақының ең төменгі және ең жоғары мөлшері арасындағы жол берілетін арақатынасты белгілеу нормалары қарастырылған. Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау қағидаларын бекітуге қатысты құзыреттер енгізіледі.

Құжатпен жұмыс барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, ұжымдық келісімшартқа жұмысқа байланысты жазатайым оқиғалар кезінде жәрдемақы мен өтемақы төлеу тәртібі туралы норма енгізілді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынуы белгіленіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жауапкершілігі басшыға жүктелді, — деді Саиров.

Бұдан бөлек, Үкімет бастамасымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауға қатысты түзетулер ұсынылды. Сондай-ақ мәслихаттардың құзыреті облыстың құрметті азаматы атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту мәселелерімен толықтырылмақ.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.