Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады. Бұл ақпарат бюроның ресми сайтында шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жылдың ішінде Қазақстан халқы 212 576 адамға артқан.

Халық саны 2 миллионнан асты: 

Түркістан облысында – 2 148 658 адам (бірақ бір жыл ішінде облыс халқы 5 383 адамға азайды) және Алматы қаласында – 2 347 924 адам (55 869 адамға өсті).

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам тұратын өңірлер:

Астана – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);

Алматы облысы – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);

Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);

Шымкент – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);

Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).

Халқы ең аз өңірлер:

Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);

Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);

Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарда қала халқы – 13 029 803 адам (256 688 адамға артты), ал ауыл халқы – 7 466 172 адам (44 112 адамға азайды) болды.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.