12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жеке еңбек даулары алдымен келісім комиссияларында қаралуы керек

Азаматтардың еңбек құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай қорғалады. Ата Заңның 24-бабында көрсетілгендей ел тұрғындарының еңбек ету бостандығына, қауіпсіз еңбек жағдайы мен еңбегі үшін әділ ақы алуына толық кепілдік берілген. Осы заңдылықтардың сақталуы мен орындалу қағидасы Еңбек кодексінде дәйектелген.

Алайда еңбек құқығына байланысты даулар әлі де аз емес. Соттарға түсетін талап арыздардың басым бөлігі еңбек шартын заңсыз бұзумен байланысты. Мұның себебі айқын.

Біріншіден, азаматтар өзінің еңбек құқығын білмейді, еңбек келісімшартының жасалғанын талап етпейді. Мұндай азаматтарды артық жұмысқа шегіп, жұмыстан шығару оңай. Табандылық танытып, білікті заңгердің көмегіне жүгінбесе еңбек шартынсыз жұмыс істеген азаматтардың құқығын қорғау да оң нәтиже бермейді.

Екіншіден, кейбір азаматтар еңбек келісімшартын жасауға, құжаттарда өз мүддесінің қарастырылуына мән бермейді. Соның салдарынан олар заң кепілдік берген жеңілдіктерден шет қалып, жапа шегіп жатады.

Үшіншіден, жұмыс берушілердің жауапсыздығы мен сауатсыздығынан да азаматтардың негізсіз жұмыстан шығарылып, тұрақты табыс көзінен  айырылатын жағдайлары баршылық.

Еңбек дауларын сотта қарауда азаматтар мүддесі басты орынға қойылады. Мұндағы басты жеңілдіктің бірі – Салық кодексінің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес, еңбек ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу және еңбек қызметiне байланысты бұрынғы лауазымын қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу секілді талаптар бойынша азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, жеке еңбек даулары алдымен келісім комиссиясында қаралуы керек. Мұндай комиссия бүгінде барлық компаниялар мен мекемелерде бар. Ал келісім комиссиясы болмаған жағдайда жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінен арнайы комиссия жасақтауға болады. Оның басты мақсаты – дауды сотқа жеткізбей, қос тарапты қатар тыңдай отырып межелі келісімге қол жеткізу. Келісім комиссияларының әлеуеті де, мүмкіндігі де, пайдасы да зор. Себебі мекемеде қызмет ететін азаматтарға келіспеушіліктің неден туындағаны, қалай тиімді реттеудің жолы жақсы таныс.

Десек те еңбек заңнамасында ерекше жағдайларда келісу комиссиясына жүгінбей, тікелей сотқа жүгіну құқығы көзделген. Мәселен, жұмыскерлер саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйым жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды келісу комиссиясына жүгінбей, сотқа жүгіну арқылы шешуге рұқсат етіледі.

Еңбек дауларының алдын алудың ең бірінші шарты – еңбек келісімшартын сауатты, теңгерімді толтыруға байланысты. Егер бұл құжат дұрыс ресімделсе, оның шеңберінде дауды шешу де түсінікті әрі жеңіл. Жұмысшылар еңбекшартына қол қойып, жұмысқа кіріспес бұрын өзі мен жұмыс берушінің міндеттері мен мақсаттарына, талаптар мен шарттарға мән беруі керек. Сондай-ақ кәсіподақтардың рөлін күшейту де жұмысшылар құқығының сақталуына, дауларға тосқауыл қоюға жол ашады. Ұжымдық шарттар мен келісімдердің жасалуы еңбек ұжымындағы құқықтар мен кепілдіктерді теңгерімді сақтайтынын да айта кеткен жөн.

Ең бастысы, еңбек көөіғі, еңбек шартын жасаудың маңызы туралы ақапарттық түсіндіру жұмыстары бір сәт те тоқтамауы керек. Азаматтардың құқықтық сауаты артқан сайын еңбек заңнамасының да бұзылуына жол берілмес еді.

Данияр Айтбаев,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

«Барыс» демалыс орталығының тәрбиеленушісі ASKHATOV OPEN турнирінің күміс жүлдегері атанды

«Барыс» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Избакиев Тимур жасөспірімдер арасындағы ASKHATOV...

Молодые алматинцы организовали помощь одиноким пенсионерам

В Алматы прошла социальная акция с участием молодежи и...

Алматы жастары жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын тазартты

Алматы қаласында жастар мен волонтерлердің қатысуымен жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау...

№79 мекемесінің сотталған азаматшаларға арналған кітапханасы 3550 жаңа кітаппен толықты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемеде...

Алматы жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй таратты

Алматы қаласында комьюнити-орталықтардың резиденттері қала тазалығы мен инфрақұрылымының үздіксіз...