Әділ сот — әділетті қоғамның тірегі

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, үнемі жетілдіріліп келеді. Әрбір ел қабылдайтын жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің ерекшелігі бірегей болып табылады және ол тек саяси әрі экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар дәстүрлерге, діни ерекшеліктерге және құқықтық мәдениет деңгейіне де байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекеттің бірлесуіне ерекше рөл беріледі. Бұл жемқорлықты мүлде жоққа шығару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іргелі құндылықтар жүйесін нығайту үшін аса маңызды, яғни «мүлде төзбеушілік» саясатын орнықтыру деген сөз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нәтижеге қол жеткізуге бағытталған кез келген шаралар әр адамның өзіндік санасын, халықтың менталитетін өзгертпей мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық — бұл тек құқыққа қарсы әрекет қана емес, ол — әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық — әрбір адам күресуге тиіс құбылыс.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік қызметшілердің ғана міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру – жемқорлықсыз болашақтың негізі. Бүгінгі таңда ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайту, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, цифрландыру үдерістерін дамыту – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетіктері болып отыр. Электронды қызметтер адам факторын төмендетіп, шешім қабылдау барысын барынша ашық етеді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы жоғары болуы аса маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл тек жазалау емес, ең алдымен алдын алу. Пара алмау ғана емес, пара бермеу де азаматтық ұстанымға айналуы тиіс. Адал еңбек, таза табыс, әділ бәсеке – дамыған мемлекеттің басты белгілері. Әрқайсымыз күнделікті өмірде заң талаптарын сақтап, әділдік қағидаларын ұстансақ, үлкен өзгерістер дәл сол жерден басталады. Себебі жемқорлық үлкен істерден емес, ұсақ ымыралардан басталады.

Батыс Қазақстан облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы             Ергалиева Алия Тулеугалиевна

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...