Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.          

Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалғаны хабарланды.

Айбек Смадияров II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Ол 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.

2025 жылдың 4 наурызы — 9 желтоқсан аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкіл болып қызмет атқарды.

2026 жылдың 15 желтоқсаны — 29 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.

2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысады

Бұл туралы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес мәлімдеді.

Елімізде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Барлық өрт найзағайдың жарқылынан тұтанған, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 

Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.

Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, көптеген рәсімді үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде телефон арқылы жаңа туған сәбиді тіркеуге, әлеуметтік төлем рәсімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, емханаға тіркелуге, зейнетақы жинағын тексеруге, тіпті техникалық паспорт алуға болады.