Мемлекеттік  қызметте  өсу  және меритократия қағидаты

Қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі кадр саясатына тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметте қызметтік өсуді жетілдіру және меритократия қағидатын дамыту – кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды алғышарты. Меритократия кәсібилікке, білімге, қабілетке және адал еңбекке негізделген басқару жүйесін көздейді.

«Меритократия» ұғымы «лайықты билік» мағынасын білдіріп, қызметтік лауазымдарға жеке еңбегі, білімі, тәжірибесі мен кәсіби жетістіктері арқылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  Бұл қағидат мемлекеттік қызметте әділдік пен тең мүмкіндіктерді қалыптастырып,  халықтың  билікке  деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.

Мемлекеттік қызметте өсу – бұл қызметшінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелі еңбегіне сәйкес жоғары лауазымға тағайындалуы. Ашық және әділ қызметтік өсу жүйесі мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен тиімділігін арттырып, қызметкерлерді өзін-өзі дамытуға және үздіксіз білім алуға ынталандырады.

Өз кезегінде меритократия қағидатын енгізу кадрларды іріктеу мен ілгерілетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, кәсіби әрі жауапты мамандардың басқару жүйесіне келуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жеке және квазимемлекеттік секторда салалық тәжірибесі бар білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту арқылы  кәсіби аппаратты нығайтудың  тиімді жолы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті меритократия қағидатын сақтау арқылы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Мәселен, 2025 жылы Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында 167 басшылық лауазымына  87 (52%)  мемлекеттік  қызметші меритократия қағидаты негізінде ішкі конкурс арқылы тағайындалды.

Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінде 98 басшылық лауазымның 45-іне (46 %) осындай тәртіппен тағайындау жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  тоқсан сайын жоғары нәтижелер көрсеткен мемлекеттік қызметшілер конкурстық рәсімдерсіз жоғары лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметте өсу мен меритократия қағидаты өзара тығыз байланысты. Меритократияға негізделген қызметтік өсу жүйесі кәсіби, әділ және халыққа қызмет ететін мемлекеттік аппарат қалыптастырудың басты шарты болып қала береді.

Д.Абдрахманов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қарағанды облысы

бойынша департаменті

басшысының орынбасары

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...