12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өсті

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.

Осылайша, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 111 872 теңгені, 2-топ үшін – 89 498 теңгені, 3-топ үшін – 61 021 теңгені құрайды. 2026 жылығы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 409 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 73 306 теңгені құрайды, — делінген министрлік хабарламасында. 

2025 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

2025 жылдың қорытындысына сәйкес мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 553,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адамды құрады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады, — деп хабарлады аталған ведосмтвода. 

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысына сәйкес 101,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 68,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды, — делінген хабарламада.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Қазақстанда суррогат аналардың шетел азаматтарына бала туып беруіне тыйым салынады

Қазақстанда суррогат аналарға тек ел азаматтарының тапсырыс беруіне рұқсат ететін өзгертулерді "Неке және отбасы туралы" кодекске енгізу жоспарланып отыр.

COVID емес: Нипах пандемиясы бастала ма?

Үндістанда Нипах вирусына байланысты ауру жағдайлары тіркелуіне орай Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жіті бақылауға алынды. Инфекцияның ел аумағына әкелінуіне және таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр.

Қамқоршылықтағы Назгүл мен Құндыздың оқиғасы полиция назарында

Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде...

Салық режимі өзгерді: 2026 жылы бизнеске не істеу керек?

Қазақстанда Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енді: бұдан былай...